team
доцент PhD., Болганбаев Артур Дуйсенбекович

Телефон:
Электрондық пошта:
artur.bolganbayev@ayu.edu.kz
№:
215

БОЛГАНБАЕВ АРТУР ДУЙСЕНБЕКОВИЧ

Қауымдастырылған профессоры (доцент)  PhD докторы

 

Мен, 22 шілде 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келдім. Жалпы орта мектепті толық аяқтап, 1999-2003 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті – «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік диплом. 

2003-2005 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті – «Экономика» мамандығы бойынша магистратура үздік диплом.

2007-2009 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша диплом.

2015-2019 жж. Гази Университеті, Анкара қ. Түркия Республикасы. «Менеджмент» мамандығы докторантура. Менеджмент мамандығы бойынша филоофиялық (PhD) докторы.

 

Еңбек жолдарым:

02.03.2004-01.09.2005 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, Қаржы және экономика басқармасында «Қаржы Орталығы» АҚ Өкілі

01.09.2005–31.05.2012 жж. «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті кәсіподақ комитеті» қоғамдық бірлестігінің Бас есепшісі 

16.10.2013–11.07.2014 жж. МКҚМ «Түркістан Қалалық Емханасы» Шаруашылық Бөлім Бастығы

14.06.2019-31.08.2019ж.ж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, Құжаттаманы және персоналды басқару басқармасының мұрағат және кеңсе секторы меңгерушісі

2019-2023 ж.ж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Туризм және менеджмент» кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы болып қызмет атқардым.

17.10.2023 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Туризм және менеджмент» кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры (доцент) атағын алып, қызметімді жалғастырып келемін.

 

Лейтенант – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запастағы офицері

Қазақша - ана тілім, Ағылшын - В2 – Upper-Intermediate дәрежесі,Орысша, Түрікше - еркін сөйлеу

 

Ғылыми еңбектерім:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 2004 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Ғылыми – педагогикалық еңбек өтілім 7 жыл. Осы 7 жылда 30-ға жуық ғылыми еңбектер жарияладым. Соның ішінде соңғы 5 жыл бойынша төмендегідей нәтижелерді жазуға болады:

h-index – 9; Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының ақпараттық базасына, Scopus (Скопус) не JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базалардағы ғылыми журналдарда - 12, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Білім және ғылым саласына сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда - 10, шетелдік ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар - 3, жалпы 25 ғылыми мақалаларым жарық көрген. 

Сондай-ақ, 2019 жылы «Kazakistan’da mal taşımacılığının geliştirilmesinde lojistik merkez uygulamasının önemi ve bir model önerisi» (Қолданбалы модель және логистикалық орталықтың қазақстандағы тауар тасымалы дамуындағы маңыздылығы) атты монографиялар жарық көрді.

 «Бухгалтерлік есептің даму тарихы, 2019 жылы», «Қаржы теориясы, 2020 жылы» атты оқу құралдар шықты. Осы уақытқа дейін  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасының сүрелерінен монографиялар мен оқу құралдарды студенттер пайдаланып сауаттарын ашып келеді.

2024 жылы, қазіргі таңда еліміздегі, қаржылық көрсетілетін қызметтердің серпінді дамуының, бөлшек өнімдердің онлайн-форматқа және жаңа цифрлық технологияларға ауысуының, неғұрлым күрделі әрі сонымен бірге тәуекелді қаржы құралдарына деген сұраныстың өсуінің қазіргі заманғы жағдайында халықтың қаржылық сауаттылығы мәселелері жандандыру мақсатында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің барлық мамандықтарына арналған (бакалавриат) «Қаржылық сауаттылық негіздері» оқу құралын шығардым.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.