Өмірбаян
Алимбаева Айсулу Алмасхановна - 1980 жылы 15 сәуірде Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Ұлты – Қазақ.1986-1997 жылдар аралығында Келес ауданы, Бірлік ауылында Ә.Жанкелдин атындағы орта мектепті үздік бітірген.1998 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-не оқуға түсіп, 2002 жылы экономика факультетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2002-2006 жылдар аралығында Түркістан қаласында, Қазақстан-Ресей университетінің «Экономика және құқық» кафедрасында оқытушы қызметінен бастап, бүгінгі күнде Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Менеджмент және туризм» кафедрасының аға оқытушысы.2003-2006 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.Жетекшілік жасаған білімгерлері студенттік конференциялар мен олимпиадаларында жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері. 2017 жылы VI Жоғарғы оқу орындары арасындағы «5В090200-Туризм» мамандығы бойынша «Жас тур» кубогына өткізілген студенттер арасындағы олимпиадасына команданы дайындап, ұйымдастырғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.Зерттеу жұмыстары бойынша 30 астам ғылыми еңбектер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған журналдарда, сондай-ақ халықаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференция материалдарында жарияланған. Қожа Ахмет Ясауи университетінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 10-ға жуық алғыс хатпен марапатталған. Жүргізетін пәндері: Тайм менеджмент, Көшбасшылық теориясы
Басқару қызметтері
-
Экономика және басқару факультетіОқу-әдістемелік комитетінің төрағасы
-
Экономика және басқару факультетіФакультет директорлар кеңесінің мүшесі
Оқу ақпараттары:
-
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Магистратура -
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Бакалавр


