Өмірбаян
Жусипбаев Нұрсұлтан Умбетұлы 1991 жылғы 2 наурызда дүниеге келген. 2015 жылы Швейцария Менеджмент университетін «Бизнес басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2023 жылы Шымкент университетінде экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.Еңбек жолын 2015 жылы «Қанжігіт» жеке кәсіпкерлігінде экономист болып бастаған. Кейін «Иассы» консорциумының басшысы, «Turkistan Invest» ұйымының бас менеджері, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2021-2024 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытушы, 2024 жылы Түркістан қалалық Мансап орталығының директоры болған. 2024 жылғы қазаннан бастап «Иассы» консорциумын басқарады.Түркістан қалалық мәслихатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты. 2019 жылы «El Umiti» сыйлығының лауреаты атанып, 2021 жылы «Халық алғысы» медалімен марапатталған.
Оқу ақпараттары:
-
Шымкент Университеті
Магистратура -
Швейцария менеджмент университеті
Бакалавр


