


доцент Ғылым кандидаты, Данияров Талгат Абубакирович
ӨМІРБАЯН
Данияров Талғат Әбубәкірұлы – 1974 жылы 7 сәуірде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талап бекетінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1991 жылы Жаңақорған ауданындағы Октябрьдің 40 жылдығы атындағы № 163 орта мектепті аяқтады. 1991-1995 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Шымкент Педагогикалық Мәдениет Институты, Мәдени-ағарту жұмыстары факультетінің «Мәдени-ағарту жұмысының педагогы» мамандығын бітіріп шықты. Т.Ә. Данияров 1995 жылы еңбек жолын Жаңақорған ауданындағы №164 орта мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінің мұғалімі мамандығымен бастаған. 1999 жылдан бастап Қазақстан-Ресей университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, декан орынбасары, тәрбие істері жөніндегі проректор, ректор кеңесші қызметтерін атқарды. 2002-2004 жылдар аралығында Қазақстан-Ресей университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін «филолог, оқытушы» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады. 2008 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының аға оқытушысы, 2010 жылдан бастап осы кафедраның доценті қызметтерін атқарды. 2009 жылдың 18 қараша күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңесінде 13.00.01 – «Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша «Ауыл мектептері оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастыру» тақырыбында кандидаттық диссертация жұмысын қорғады. Ғылыми жетекшілері: п.ғ.д., профессор Ә.Ә. Жолдасбеков пен п.ғ.д., профессор К.М. Беркімбаев.
2018 жылдар бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Педагогикалық ғылымдар» кафедрасының профессоры қызметінде. Данияров Талғат Әбубәкірұлының педагогикалық еңбек өтілімі – 25 жыл.
Екі жүзге жуық ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың және 3-монография, 10 оқу құралы, ағылшын тілінде жазылған 3 оқу құралы, 3 электрондық оқулықтың авторы. Thomson Reuters базасында – 8, SKOPUS базасында – 2, Ресей және Үндістан басылымдарында – 7, Web of Science, Scopus базасында индекстелетін конференция материалдарында – 2+2, алыс шет мемлекеттерде өткен халықаралық конференцияларда – 32, ЖАҚ тізіміндегі басылымдарда – 61, ҚР-ның басқа ғылыми басылымдарында (конференция материалдарынан басқа) – 3, Халықаралық және Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдарында – 37, Ақпараттық басылым бетінде жарық көрген мақалалар – 5, жалпы саны – 185 ғылыми еңбектері жарияланды.
Атап айтсақ:
Ғалымның еңбектері импакт-факторлы Ресейдің Ринц және Канада (Тorontо қ.) «International Education Studies» мен Түркияның International Elektronic Journal of Mathematics Education Skopus және Қазақ академиясының Thomson Reuters базаларындағы Хабаршы журналдарында жарияланған:
1. Данияров Т.А., Сыдыков М.Е. Особенности формирования навыков здорового образа жизни учащихся сельских школ во внеурочное время путем применения инновационных технологий. "Успехи современного естествознания". "Ulrich's Periodicals directory" в целях информирования мировой научной общественности. имеет импакт-фактор Российского индекса научного цитировании. №1. Моска, 2012. С.48-51. 21.10.2011. Педагогические науки. Импакт-фактор=0,186
2. Данияров Т.А., Касымбеков Ж.А Инновационные технологии формирования навыков здорового образа жизни учащихся сельских школ во внеклассной работе. "Успехи современного естествознания" "Ulrich's Periodicals directory" в целях информирования мировой научной общественности. имеет импакт-фактор Российского индекса научного цитирования. №7. Моска, 2012. С.22-25. 08.11.2011. Педагогические науки. Импакт-фактор=0,186
3. Данияров Т.А., Сеидахметов Е.Е, Қарынбаев Т.С Использование информационной технологии в формировании здорового образа жизни. Ulrich's Periodicals directory" в целях информирования мировой научной общественности. имеет импакт-фактор Российского индекса научного цитирования "Международный журнал экспериментального образования" №7. Моска, 2012. С.11-12. 30.12.2011. Педагогические науки. Импакт-фактор=0,548
4. Данияров Т.А., Мейрбекова Г.П., Дарибаев Ж.Е., Беркимбаев К.М. Педагогическое значение использования информационных технологий в самостоятельной работе студентов. Вестник Российского университета дружбы народов. импакт-фактор. Серия «Информатизация обрзования». № 2. Моска, 2012.
5. Данияров Т.А., Анарбаев А.К., Сейдахметов Е.Е. Формирование навыков здорового образа жизни учащихся сельских школ по инновационной технологии. Вестник современной науки. Научно-теоретическийй журнал. 2016. №5/11 С.120-126
6. Daniyarov T.A., Bazarbaeb K, Nyshnova C, Myrzakhanova A. «International Education Studies». The Peculiarities of Forming Rural School Students Healthy Living Skills after School and in Extracurricular Work by the Use of Information Innovation Technology. Skopus. ISSN 1913-9020 E-ISSN 1913-9039 Published by Canadian Center of Science and Education. Canada (Toronto). S. 90-98.
7. Daniyarov T.A., Jumadullaeva A.A., KonurbaevaS.S., Duanabaeva B.C., Kasymbekov J.A., Isaev M.S.Applying the Findings of Scientific and Pedagogical Research in Values Education. International Elektronic Journal of Mathematics Education (Turkya), ISSN 1306-3030, Scopus (Elsevier). – 2016. SJR 0,380. V. 11. – Iss. 5. – P.1231-1243.
8. Daniyarov T.A., Isaev M.C., Jumadullaeva А.А., Utebaeva А.Т., Bazarbaev К.К., Usenov R. Influence of tatars for the kazakh cultural life and development of the kazakh jajid education. Thomson Reuters. Bulleten of national academy of sciences of the republic of kazakhstan. ISSN 1991-3494. Volume 3, Number 373 (2018), 244-253.
3 монографиясы баспа бетінде жарық көрген:
1. Данияров Т.А. Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы. Қазақтың спорт және туризм академиясы, Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің №11 хаттамасы 10.12.2010 ж. Алматы қ. Монография. Шымкент. «Тұран» баспасы, 2011. Б. 256.
2. Данияров Т.А. Ауыл мектептері оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын сыныптан тыс жұмыстарда инновациялық технологиялар арқылы қалыптастыру. Монография. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і оқу-әдістемелік Кеңесінің №6 хаттама, 2 қараша 2013 жылғы шешімімен жарық көру үшін баспаға ұсынылған. «АС-ПРОФИ» ЖШС-інде басылды. Шымкент, 2013. Б. 304
3. Данияров Т.А. Forming a healthy way of life for rural students through extra-curricular activities using innovative technologies. Монография. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Сенат мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды (Хаттама №4, 28 ақпан 2018ж.) және баспаханадан шығарылды. Б.132
Франция, Туркия, Грекия мемлекеттерінде өткізілген халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарында және мұнан бөлек 61 мақаласы ЖАҚ бекіткен журналдарда жарияланған. Университеттің оқу жүйесіне қолданысқа енгізілген 10 оқу құралы мен 3 монографияның авторы.
Данияров Т.Ә. «Студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық шарттары» тақырыбында 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика бағыты бойынша қорғалған Махамбет Ержан Тайбағарұлының кандидаттық диссертация жұмысына ІІ оппонент ретінде арнайы бекітіліп, ғылыми диссертация сәтті қорғалған. (Д 14.05.01 диссертациялық кеңесі. 3.11.2010 ж. Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы).
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстанның болашағы дарынды да талантты жастар» атты студенттер мен магистранттардың ХХ ғылыми-теориялық конференциясында Т.Ә. Данияровтың жетекшілігімен ЖХМ-011 тобының 2 курс студенті Каримова Интизор 2-ші орынды иеленді.
Аталған конференцияға студенттерді жоғары дәрежеде дайындап, жетекшілік жасағаны үшін Т.Ә. Данияров «Жалпы психология» секция төрайымы п.ғ.д., доцент Ж.З. Торыбаева мен Тарих-педагогика факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор К.М. Жетібаев қол қойған Алғыс хатпен марапатталды.
Студенттер мен магистранттардың ХХІ ғылыми-теориялық конференциясында Т.Ә. Данияровтың жетекшілігімен ЖХМ-111 тобының 2 курс студенті Сүйіндік Назеркенің ғылыми жұмысы үздік деп танылып, Республикалық конференцияға жолданған. Нәтижесінде, ҚР Білім және ғылым министрлінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
2011 жылдың қараша айының 17-18 жұлдыздары аралығында Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен «Болон процесі және Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі реформалар» атты Халықаралық семинарға, 2012 жылдың 17-18 мамырда Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде өткен «Жаһандану үдерісі контексіндегі білім беру жүйесінің дамуы» атты ғылыми-теориялық конференцияға белсене қатысқаны үшін университет ректорлары қол қойған сертификат пен диплом табысталған.
ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Білім беру және ақпараттық инновациялық технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығы» өткізген «Оқытудың интербелсенді әдістемесі» семинар-тренингінде, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Біліктілік жетілдіру факультетінде 2012 жылдың 14-28 мамыр аралығында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша және Онлайн-семинаров по ресурсам Thomson Reuters для научных исследований. 10.09.2012 – 13.09.2012. Россия (г. Москва). семинар-тренингінде біліктілігін жетілдіріп, арнайы куәлік пен сертификат иеленген. Мұнымен қоса, алыс-жақын шет мемлекеттерде, республикамызда өткізілген конференцияларға белсене араласқаны да ескерусіз қалмаған:
- Проблема международной интеграции национальных оброзовательных стандартов, международная научная конференция. Проблема международной интеграции национальных образовательных стандартов. Франциия (Париж), 15-22 марта 2012г. Ученый секретарь РАЕ.
- «Қазақстан білімі және педагогика ғылымының тарихы: трансформация және инновация» атты ғылыми-практикалық конференцияға белсене қатысқаны үшін. Сертификат. 18-19 сәуір. Астана, 2013. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ;
Шымкент қаласында 2014 жылдың 28 мамырында өткізілген «Бауыржан оқулары» өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілдегі республикалық оқуларына белсене қатысып, көп ұлтты Қазақстанның мемлекеттік тілін насихаттау барысында қолдау көрсеткені үшін «Студенттік өзін-өзі басқару және дамуының одағы» КҚ төрайымы алғыс хаты берілсе, 2015 жылдың 27 наурызында Ресей Федерациясынан «Академия Естествознания сердечно поздравляет Вас, истинного сподвижника Российской науки, талантливого ученого и замечательного педагога, с Юбилеем. Президент РАЕ РФ» деген мәтіндегі құттықтау хат келген.
Ғалымның ғылымдағы сіңірген еңбегінің тағы бір дәлелі Түркия Республикасынан келген «Thank you for your participation contribution and to the ‘7th World Conference on Educational Scienses’. 05-07 februaru. Turkya, 2015.» және елімізде өткізілген конференцияларда төмендегіше мәтінде бірнеше сертификаттар берілген:
- Филология ғылымдарының докторы, профессор Әбжан Құрышжанұлының 85 жылдығына арналған «Түркітанудың өзекті мәселелері» атты ЖОО аралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсене қатысқаны үшін. Сертификат. 10-11 сәуір. Қарағанды, 2015. Е.А. Бөкетов атындағы ҚМУ;
- «Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогика, психология, этнопсихологияның өзекті мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияға белсене қатысқаны үшін. Сертификат. 16-17 қаңтар. Алматы, 2015. Абай атындағы ҚҰПУ;
- «Бәсекеге қабілетті маманның ұлттық және әлемдік кәсіби келбетін қалыптастыру». атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға белсене қатысқаны үшін. Сертификат. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Президенті. 22-23 сәуір 2016 ж. Түркістан қ.;
- 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай жемісті еңбегі мен жетістіктері және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқаны үшін марапатталады. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Вице-президенті. 22 наурыз. Түркістан, 2016 ж.;
- «Интеграциялық үдеріс контекстінде Қазақстандағы медиабілімнің дамуы: қазіргі жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсене қатысқаны үшін. Сертификат. Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетінің Ректоры. 26 қараша, Астана, 2016ж.
- Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған «Тілдік тағылым және сөз өнері» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға белсене қатысқаны үшін. Сертификат. Болашақ академиясының ректор. 05 сәуір 2017 ж. Қарағанды қ.
- «Педагогикалық білім берудегі дуальді оқыту: тәжірибе, амалдар, проблемалар» атты Мұғалімдер мен ғалымдардың ІІ Республикалық конференциясына белсене қатысқаны үшін. Сертификат. 18-19 мамыр. Алматы, 2017. Абай атындағы ҚҰПУ;
- «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға белсене қатысқаны үшін. Сертификат. Болашақ академиясының ректор. 01 наурыз 2019 ж. Қарағанды қ.
- «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға белсене қатысқаны үшін. Сертификат. Болашақ академиясының ректор. 09 қараша 2019 ж. Қарағанды қ.