team
доцент Ғылым кандидаты, Кұлахметов Болат Өмірзақұлы

Телефон:
+7(725) 336-3636
Электрондық пошта:
bolat.kulahmet@ayu.edu.kz
№:
215

Өмірбаян
Мен, Құлахметов Болат Өмірзақұлы, 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан 
облысы Мырзакент селосында дүниеге келдім.
1965-1975 жылдар аралығында Түркістан қаласында В.И.Ленин атындағы 
жалпы орта мектебінде білім алдым.
1980 жылы Алматы қаласында Қазақ ауылшаруашылық институтының 
инженер- педагогикалық факультетін бітіріп шықтым.
Еңбек жолымды 1980 жылы Түркістан қаласындағы «Ремстройдормаш»
заводында иженер- конструктор қызметінен бастадым.
1981-1985 жылдары Түркістан индустриалды- педагогикалық техникумда 
оқытушылық қызметін атқардым.
1985-1986 жылдары аталған техникумда комсомол комитетінің хатшысы 
болып сайландым.
1987-1988 жылдары  Алматы облысы кәсіптік білім басқармасының оқу ісі 
жөніндегі инстпектор жұмысын атқардым.
1988-1994 жылдары Түркістан индустриалды- педагогикалық техникумда 
оқытушылық қызметін атқардым.
1994 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіндегі 
кандидаттық диссертацияны қорғап , Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ- нің тарих-филология факультетінде педагогика саласында аға оқытушы қызметіне 
қабылдадым.
2003 жылы 13.00.00- ҚР ЖАК Педагогика мамандығы бойынша доцент 
ғылыми атағы берілді , және «Бастауыш мектеп педагогикасы және 
әдістемесі » кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
2004-2007 жылдары «Жалпы психология» кафедрасының меңгерушісі 
қызметін атқардым.
2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ сенат шешімі бойынша профессор 
ғылыми атағы берілді.
2009-2012 жылы аралығында университетін оқу ісі жөнінде бас аудиторы 
қызметін атқардым.
2012 жылдан бастап осы күнге дейін Қ.А.Ясауи ХҚТУ  «Педагогикалық 
ғылымдар» кафедрасында профессор қызметін атқарып келемін.
Жанұялымын, 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп жатырмын.
Сот және тергеуде болған емеспін, шетелде туыстарым жоқ.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.