


доцент PhD., Куралбаева Алия Ахметкаримовна
декан
Өмірбаян
Куралбаева Алия Ахметкаримовна 1984 жылы 1 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы. 2001 жылы Қандөз ауылындағы № 240 мектепті бітіргеннен кейін, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша 2001-2005 оқу жылдар аралығында бакалавр білімін тәмамдаған. Аталған жоғары оқу орнының 6N0103 – «Педагогика және психология» мамандығына 2005 жылы түсіп, 2007 жылы оқу жоспарын толық аяқтай отырып, магистр академиялық дәрежесін алды. 2011 жылы білімін одан әрі жетілдіру үшін 6D010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсіп, 2014 жылдың қараша айының 20 жұлдызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы 6D010000 – Білім (гуманитарлық ғылымдар) диссертациялық кеңесінде 6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы PhD ғылыми дәрежесін алу үшін «Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде білім сапасын арттыру» тақырыбындағы диссертациясы қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алған. 2016-2018 оқу жылдарында «Білім технологиялары» кафедрасында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Талмай ізденушілігінің арқасында Түркия Республикасының Түркия зерттеу стипендиялары (Turkiye araştırma bursları) бағдарламасы аясында зерттеу грантын жеңіп алып, 01.09.2018-01.09.2019 ж. аралығында «Түркия мен Қазақстанның бастауыш мектептеріндегі ана тілі оқулықтарын салыстырмалы зерттеу» тақырыбында зерттеу жүргізіп, постдокторантураны тәмәмдаған.Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қауымдастырылған профессор міндетін атқарып, студенттерге білім беуде.
Куралбаева Алия Ахметкаримовна Қазақстанның педагогикалық академиясының ғылыми қауымдастығының мүшесі (25.01.2016ж. Куәлік №203) және Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі (29.03.2016 ж. Диплом №8718), сондай-ақ «Қазақстан ұстазы» қоғамының мүшесі, фраг белгісі иегері (Куәлік №0109/24994), «Anadolu Kültürel Araştırmalar Dergisi» (ANKAD) журналының редакторлар кеңесінің мүшесі. Педагогикалық қызмет ету барысында 100-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектер жариялаған. h-index: 2-ге тең.