team
аға оқытушы Магистр , Ашикбаева Гульмира Дуйсеновна

Телефон:
+7(725) 336-3636
Электрондық пошта:
gulmira.ashikbayeva@ayu.edu.kz
№:
215

Мен, Ашикбаева Гульмира Дуйсеновна, 1969 жылы 7 тамызда Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Актюбе ауылында дүниеге келдім. Менің ұлтым  – қазақ. 

Әкем - Ашикбай Дүйсен зейнеткер, анам - Ашикбай Балхия зейнеткер. 

1986 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Аққұм ауылындаға С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепті бітіріп, 1986-1987 жылдары аралығында Аққұм ауылындағы құрылыс саласында жұмыс жасадым.

1987-1992 жылдары Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын бітіріп, 1992-1994жж аралығында Шымкент қаласындағы N19 бала-бақшасында тәрбиеші1994-1995жж аралығында С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепте мұғалім, 2001 жылдары колледжде кафедра меңгерушісі болып жұмыс істедім. 

1995 жылдан бері жоғары оқу орнында оқытушылық қызмет атқарып келемін. 

2000 жылы Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың педагогикалық ғылымдарының магистрі дәрежесі, ал 2021 жылы Шымкент қаласындағы Шымкент университетінің M001 ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ білім беру бағдарламасы бойынша академиялық дәрежесі берілді.

Жалпы еңбек өтілі - 38 жыл. Соның ішінде 37 жылы педагогикалық салада, ал ЖОО-дағы жалпы еңбек өтілім 29 жыл. 

2004 жылдан бері Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Педагогика және психология кафедрасында аға оқытушысы қызметін атқарып келемін.

100-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың және «Scopus» базасына кіретін журналдарда cонымен қатар, алыс және жақын шетелдік, Қазақстандық журналдар мен халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияларда мақалам жарық көрген. 10 оқу құралы мен оқу-әдістемелік құралдардың авторымын.

Республикалық, Облыстық, Университет, факультет басшысы тарапынан берілген жеткен жетістіктерім бар.

Біліктілігімді жетілдіру бойынша көптеген сертификаттар мен студенттердің ғылыми конференциясына белсенді қатысқаны үшін студенттерімнің алған марапаттарым бар.

Ұұлым – Нұрдәулет Сұлтанбай Қуанышұлы, жалпы орта мектептің 10 сыныбындағы үлгілі, озат оқушысы.

 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.