


доцент PhD., Базарбаев Канат Калдыбекович
Факультет директорлар кеңесінің мүшесі
ТҮЙІНДЕМЕ
Базарбаев Канат Калдыбекович 1998-2002 жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Тарих» мамандығын бітірген.2002-2007 жылдар аралығында Ресей-Қазақстан қазіргі заман гуманитарлық университетінің «Гуманитарлық пәндер» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметін атқарған. 2003-2005 жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Тарих» мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған. 2007-2010 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Жалпы тарих» кафедрасының аға оқытушысы. 2010 ж. Халықаралық қазақ-түрік университетіне 6D011400-«Тарих» мамандығы бойыша докторантураға қабылданып, 2013 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің диссертациялық кеңесінде 6D011400 – Тарих мамандығы бойынша «Жастүріктер қозғалысы идеяларының Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысқа ықпалы (XIX ғ. соңы XX ғ. басы) атты докторлық диссертациясын сәтті қорғады. 2014 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында бақылау комитетінің шешімімен 2014 жылғы 11 наурыздағы № 431 бұйрық негізінде PhD доктор ғылыми дәрежесі берілді. 2012-2013 жж. Анкарада Ходжатепе университетінде ғылыми тағлымдамадан өткен. 2013-2014жж. «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтында магистратура бөлімінің меңгерушісі; 2014-2016 жж. Гуманитарлық ғылымдар факультетіні оқу ісі бойынша декан орынбасары; 2016-2018 жж. «Тарих» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2018 жылдан бері «Тарих» кафедрасында доцент қыземтін атқарып келеді. 2014 ж. Астана қаласындағы Мемлекет тарихы институтының күміс медалімен марапатталған. 2019 ж. Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті қорының ұйымдастыруымен «Болашақтың ғалымдары» атты жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылым салалары бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмысы республикалық конкурсында шәкірті Атаева Хилола Камалқызы ең үздік жүлделі орынға ие болғаны үшін арнайы алхыс хатпен марапатталған. 2020 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының алғыс хатымен марапатталған. 2019-2021 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы 6D011400, 6D020300-Тарих бағыты бойынша докторлық диссертациялық кеңес мүшесі қызметін атқарған. 2021ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 27 тамыздағы №677 бұйрық негізінде қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. 2021 жылғы 12 наурызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D011400 – Тарих», кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте PhD доцент Базарбаев Канат Калдыбековичтің жетекшілігімен докторант Мустафа Гиритлиоғлу «6D011400 – Тарих» мамандығы бойынша диссертациясын сәтті қорғап, 6D011400-Тарих мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді. 2021 ж. Түркия Республикасы Сивас Жумхуриет университетінде Эразмус+ келісімі шеңберінде тәжірибе алмасу тағлымдамасынан өтіп, сертификат алған. 2022ж. Түркия Республикасы Нигде Өмер Халисдемир университетінде «Орхун» бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлық бойынша дәріс сабақтарын жүргізді. Университетте жыл сайын оқу жылының қорытынды көрсеткіштері негізінде білім беру, тәрбие, ғылыми зерттеу бағыттары бойынша жоғары рейтинг нәтижелерін көрсетіп келеді. Базарбаев Канат Калдыбековичтің жалпы педагогикалық еңбек өтілімі – 22 жыл. 2023 жылы 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс иегері. AP19676634 «Түркі тілдес мемлекеттердің тарихи-мəдени ықпалдастығын қалыптастырудың саяси, құқықтық тəжірибесі жəне даму бағыттары» атты жоба жетекшісі. Зерттеу тақырыбына сәйкес шет елде ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізген. Атап айтқанда, Түркия Республикасы Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының (Түрксой), Анкара Ұлттық (Milli kütüphane) және Президент (Millet kütüphane) кітапханаларынан, Түрік тарихы ұйымынан (Türk Tarih Kurumu), Анкара дағдарыс және саясат зерттеулер орталығы (ANKASAM), Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласындағы Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, Әзірбайжан ұлттық кітапханасы, Ұлттық білім академиясы тарих және этнология институтының «Түрік халықтарының этнографиясы» кафедрасында, Бішкек қаласындағы А. Османов атындағы Қырғыз Республикасы ұлттық кітапханасы, Ч.Айтматов атындағы №1 кітапхана, Қырғыз Республикасының Орталық мемлекеттік архиві, Қырғыз Республикасының қоғамдық-саяси құжаттар архивінде ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізген.Осы зерттеулер нәтижесінде Уәкілетті орган ұсынатын ғылыми журналдар мен халықаралық журналдарда 120 ден астам ғылыми мақаласы жарық көрген, 14 мақаласы Web of Science және Scopus базаларындағы CiteScore бойынша квартил/процентиль көрсеткіші жоғары халықаралық ғылыми басылымдарда жарық көрген. 1 оқулық, 2 оқу құралының авторы.