


доцент Ғылым кандидаты, Джаздыкбаева Мария Ботаевна
Джаздыкбаева Мария Ботаевна - 1964 жылы 28 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 1981 жылы Түркістан қаласындағы М.Маметова №6 орта мектепті үздік аяқтады. 1981-1983 жылдар аралығында Түркістан ауданы Қызыл жол елді мекенде кітапханашы. 1983-1987жылдары Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, Педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығын бітіріп шықты.
М.Б.Джаздыкбаева 1987 жылы еңбек жолын Түркістан қаласындағы Педагогикалық училищеде мектепке дейінгі педагогика пәнінің оқытушысы мамандығымен жұмысын жалғастырған. 2003 жылдан бастап А. Ясауи атындағы ХҚТУ-ң «Жалпы педагогика және психология» кафедрасына жеке еңбек шарты негізінде оқытушы қызметіне қабылданды. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-гі құрылымдық өзгерістерге байланысты еңбек шарты негізінде «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасына аға оқытушы қызметіне ауыстырылды. А. Ясауи атындағы ХҚТУ жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңесінде 13.00.08 – Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру» тақырыбында кандидаттық диссертация жұмысын сәтті қорғады. Ғылыми жетекшілері п.ғ.д., профессор Оңалбек Жарылқасын, социология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейткулов Н.А.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің №3 хаттама шешіміне сәйкес педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. БҒМ 3 хаттама 31.03.11ж. Бұй. №21/572 01.04.2011ж
Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-ң №5 Сенат мәжілісінің шешіміне сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) міндетін атқарушы қызметіне ауыстырылды. Бұй № 1/283 02.05.2013 ж.
Джаздыкбаева Мария Ботаевнаның педагогикалық еңбек өтілімі – 36 жыл. Ғылыми мақалалары мен ғылыми еңбектерінің саны – 102. Қорғауға дейін – 27, ал қорғаудан кейін – 75 ғылыми еңбектері баспа бетінде жарияланған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне 13.00.00 – Педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін талапқа сай 20 ғылыми еңбегі ұсынылып отыр. Атап айтсақ:
Түркия мемлекетінде өткізілген халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда 2 мақаласы;
Пәкістан мен Германияның Skopus базасында - 2, Германияның халықаралық журналында 2 ғылыми мақаласы жарияланған.
Сонымен қоса, қорғаудан кейін 14 мақаласы ЖАҚ бекіткен журналдарда көрініс тауып, 2014-2015 оқу жылының екінші жартысынан бастап университеттің оқу жүйесіне 5B010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандықтары үшін 1 оқу құралы (Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және басқару), 1 - монографиясы (Халық дәстүрлері негізінде оқушыларды әдепке тәрбиелеуде мұғалімнің даярлығы) қолданысқа енгізілген.
Студенттер мен магистранттардың ғылыми-теориялық конференция-сында М.Б.Джаздыкбаеваның жетекшілігімен ПМД-911 тобының 3 курс студенті Исхакова Перизаттың ғылыми жұмысы үздік деп танылып, Республикалық конференцияға жолданған. Нәтижесінде, ҚР Білім және ғылым министрінің (Б.Т.Жұмағұловтан 2012 жылы), ПМД-311 тобының студенті Мейірбек Пернекүл (А.Б.Сәрінжіповтан 2015 жылы) ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталған.
Қарағанды қаласы, 2015 жылы ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша VI Республикалық пәндік олимпиадасына команда дайындап жоғары деңгейде шығармашылық танытқан үшін ІІ - дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен Педагогика атты электрондық оқу құралына авторлық куәлік №2302, 7 қараша 2016 жылы алды.
«Педагогикалық білім берудегі дуальді оқыту: тәжірибе, амалдар, проблемалар» атты Мұғалімдер мен ғалымдардың 2-ші Республикалық жыл сайынғы конференциясында үздік мақаласы мен презентациясы үшін ІІ - дәрежелі дипломмен марапатталды. 18-19 мамыр. 2017ж. Алматы қ. Абай атындағы ҚазҰПУ .
Қорыта айтқанда, жанұялы 1-қыз, 2-ұл, 4-немерем бар.