team
доцент Ғылым кандидаты, Кайбульдаева Гульнара Ахметовна

Телефон:
+7(701) 421-3840
Электрондық пошта:
gulnara.kaibuldayeva@ayu.edu.kz
№:
125

Мен, Кайбульдаева Гульнара Ахметқызы 1968 жылы, қаңтардың 30-ы жұлдызында Оңтүстік өңірдің Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келдім. 1975 ж. Келінтөбе кеңшарындағы N192 орта мектебіне барып, 1985 жылы 10 сыныпты бітіріп шықтым. Бір жыл ауылды қырманда жұмыс жасап, 1986 жылы Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтыны түсіп, 1990 жылы тәмәмдап шықтым.

1990-1991 жж. Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институндағы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып істедім. 1993 жылы отбасылық жағдайға байланысты Түркістан қаласындағы Ы.Атынсарин атындағы педагогикалық колледжде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» бөліміне оқытушылық қызметке орналастым.

1999 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-не лаборант болып кіріп, 2000 жылы  «Педагогика» кафедрасына оқытушылық қызметке ауыстым. 2009 жылығы 25 ақпандағы шешімімен (N2 хаттама) педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алдым. 2011 жылы 4 мамырда педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

Қазіргі таңда университетіміздің Әлеуметтік-ғылымдар факультетінде, «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедра доценті қызметін атқарып келемін.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.