


аға оқытушы Ғылым кандидаты, Токкулова Гулсара Толебековна
Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызы
Лауазымы: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Білім технологиялары» кафедрасының доценті, Ресей жаратылыстану Академиясының профессоры,компютерді толық меңгерген, әлеуметтік желі белсендісі,онлайн форматта еркін жұмыс істей алады.
Инклюзивті білім беру орталығының меңгерушісі.
Жалпы педагогикалық еңбек өтілі-47 жыл
Ғылыми еңбек өтілі-20 жыл
Басшылық қызметте-20жыл
Ғылыми дәрежесі: : педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
1959 жылы, Бәйдібек ауданында дүниеге келіп, 1973 жылы орталау мектепті үздікке бітіріп, 1973-1977 жылдары Түркістан қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищеде оқыды.1986 жылы Шымкент педагогикалық институтын,2008 ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, заң факультетін бітірді.
1977 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Түркістан қаласындағы №5 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды.
1992-1994 жылдары сол мектептің директорының орынбасары педагог-психологы қызметін атқарды. Сол жылдары комсомол комитетінің төрайымы, кәсіподақтар комитетінің төрайымы, Облыстық кәсіподақтар кеңесінің мүшесі, сонымен қатар тәжірибелі маманның қалаға, облысқа озық тәжірибесі таратылды.Түркістан қалалық әйелдер кеңесінің мүшесі.
Түркістан қаласындағы Халық аспаптар оркестрінің «Халық оркестрі» атағын алуы үшін халық әні «Әпитөкті» орындаушы.
1992 жылы 3 қазан күні Дүниежүзі қазақтарының 1 құрылтайының Түркістандағы сценариін жазып, оны жүргізді.
1993 жылы «Үздік мұғалім» атанып қаланың үздік оқушыларына жетекшілік жасап, Түркия Республикасына «Түркістан-Байбұрт» достық іс-сапарымен барып қайтты.
2001-2004 жылдары Түркістан қаласындағы №16 Т.Бигельдинов атындағы,
2004 – 2005 жылдары № 19 Яссы орта мектеп директорларының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2005 жылдың 1 сәуірінен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тәрбие орталығының директоры, “Б.Саттарханов атындағы “Намыс” жастар қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушылардың бірі.
2006-2007жылдары осы университеттің Түркістан Гуманитарлық ғылымдар және бизнес институты кадр бөлімінің бастығы.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанындағы 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика бойынша Д14.61.35 диссертациялық кеңесіде, 2010 жылы 21 қаңтарда «Ә.Сембаевтың қоғамдық- ағартушылық, ғылыми-педагогикалық қызметі» атты тақырыпта канидаттық диссертациясын қорғады.
2011 – 2015 оқу жылдары аралығында Тарих-педагогика факультеті «Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.