Өмірбаян
Өмірбаян Шалабаева Жанар Сүйіндікқызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Тасты ауылында 1979 жылы 30 қазан күні дүниеге келген. 1986-1996 жылдар аралығында Созақ ауданы, Тасты ауылында Абай атындағы жалпы орта мектепте білім алған. 1996-1999ж. Түркістан қаласындағы Түркістан гуманитарлық техникалық коллежінде, Бастауыш сыныптар мұғалімі біліктілігін алған. 1999-2003 жылдар арасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Филолог, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы біліктілігін алған. 2003-2005 жылдар аралығында Қазақ - өзбек инженерлік гуманитарлық университеті, Бастауыш сыныптар мұғалімі біліктілігін алған. 2006-2008 жылдар аралығында ХҚТУ Бастауыш сыныпты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі магистрі 2003-2005ж. Қазақ - өзбек инженерлік гуманитарлық университеті, оқытушы болып өз қызметін бастаған. 2005-2006 Түркістан педагогикалық инстуты, аға оқытушы; 2006-2008 жж.Халықаралық Гуманитарлық-техникалық университеті аға оқытушы; 2017 Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, аға оқытушы; 2014-2016жылдар арасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша біліктілік алған. 2017-2020 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университеті, 6D010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы докторанты; 2020 Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, аға оқытушы болып өз қызметін жалғастыруда. Өз білімін үздіксіз жаңартып толықтырып отырады. Ізденіс үстінде жүреді. Оқытушылық қызметі барысында төмендегідей жетістіктерге жеткен:1.ХҚТУ «Жыл тәлімгері-2009» Диплом 2. 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІҮ Республикалық пәндік олимпадасы командасы 1 орын Тараз қаласы. 2011ж.3. 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Ү Республикалық пәндік олимпадасы командасы 1 орын Түркістан қаласы.2012ж.4. 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІХ Республикалық пәндік олимпадасы командасы 2 орын Қарағанды қаласы.2017ж.5. 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Х Республикалық пәндік олимпадасы командасы 2 орын Алматы қаласы.2018ж.6. 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІҮ Республикалық пәндік олимпадасы командасы 2 орын Алматы қаласы.7. ҚР тұңғыш Президент қоры сыйлығының иегері «Бастауыш білім беру педагогикасы» олипадасының 1 дәрежелі диплом иегері. Ғылым жолында өз үлесін қосып 2 оқу құралы, 2 оқу әдістемелік құралы, 16 ғылми ЖАК журналында мақалары, 40 астам баяндамансы жарық көрген. Шалабаева Жанар Сүйіндікқызы 2001 жылы отбасын құрған. Жолдасы, 6 қызы 2 немерем бар. Батыр ана иегері.
Баскару қызметтері
Сапа жөніндені комиссия төрайымы
| Бөлім | Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы |
| Kısa Bilgi | Сапа жөніндені комиссия төрайымы, Магистр , аға оқытушы |
Оқу ақпараттары:
-
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Бакалавр -
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Магистратура -
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
PhD (Докторантура) -
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Бакалавр -
Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі
Колледж


