❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Ташимова Атиркул Багмановна
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат / Бөлім
Журналистика кафедрасы
104

Өмірбаян

Мен Тәшімова Әтіргүл Бағманқызы 1968 жылы 12 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылында дүниеге келдім. 

1985 жылы «Қазақ КСР-інің 40 жылдығы» атындағы орта мектепті бітірдім.

1985-1988 жылдары Ы.Алтынсарин атындағыТүркістан педагогикалық  училещесін оқып бітірдім.

1989 жылы Қазақ  Ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1995 жылы Қазақ  Ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша бітірдім. 

1998-2000 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Баспа бөліміне қызметке келдім.  Университеттің «Ясауи университеті» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерін атқардым.

2000 жылдан (қазірге дейін) Журналистика кафедрасында   оқытушылық қызметте, 2001 -2004 универсиет аспирантурасын тәмамдадым.

2007-2016 жылдары «Журналистика және орыс филологиясы» кафедрасында оқытушы, «Ясауи университеті» газетінің редакторы қызметін атқардым. 

Республикалық «Қазақ үні», «Қызмет» газеттерінің Түркістан қаласы бойынша аймақтық тілшісі қызметтерін қоса атқарып, Түркістан өңірінің ақпарат саласын дамытуға үлес қостым. 

2014 жылдан ҚР Журналистер Одағының мүшесімін.

 

2016 жылдан осы уақытқа дейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде  қызмет атқардым. 

2021 жылдан Қожа Ахмет Яауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Журналистика кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеп клемін.

Отбасылымын, бір қызым бар.

Дәрежесі

Магистр , оқытушы

Оқу орны

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Шымкент Университеті

Сертификаттар

  • «Инклюзивті білім берудегі оқыту дағдыларының мазмұны» (2025 г.)
  • «AI көмегімен оқу процесін оңтайландыру» (2025 г.)
  • "Дезинформацияны қалай тануға және тоқтауға болады" (2024 г.)
  • "Ақпаратты қолдану қауіпсіздігі" (2024 г.)
  • «ТВ бағдарламасы үшін сценарий жазу» (2023 г.)

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.