❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Хумар Жанерке
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат / Бөлім
Журналистика кафедрасы
104

Өмірбаян

Жанерке Хумар 1989 жылы Монголия мемлекетінің Баян-Өлгей қаласында туған. 2007 жылы Баян-Өлгей қаласы Ікей батыр атындағы орта мектепті үздік аяқтап, Қазақстан мемлекеті, сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында орналасқан А.Я атындағы ХҚТУ-інің Кентау қаласындағы дайындық факульетіне грант негізінде оқуға қабылданады. 2008 жылы Түркістан қаласындағы А. Я атындағы ХҚТУ-інің “Журналистика” кафедрасына грант негізінде оқуға түседі. 2012 жылы аталмыш оқу орнын үздік дипломмен аяқтап, 2013 жылы Астана қаласындағы Л.Н Гумилов атындағы Еуразия ұлттық университетіне “Журналистика” факультетіне магистратураға грант негізінде оқуға түседі. 2015 жылы әлеуметтік ғылымдар магистры болып оқу орнын аяқтайды. 
Сол жылдың қазан айынан бері Шымкент қаласындағы “Отырар” медиахолдингіне журналист болып қызметке орналасады. 
Алғашында “Жас толқын” жастар бағдарламасының эфир жүргізушісі, “Оңтүстік Рабат” газетінің тілшісі болып қызмет атқарады. 
2017 жылдан бастап, Отырар телеарнасының күн сайын тікелей эфирінде шығатын “Жаңа күн” сазды-ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі болады. 
2020 жылдан бастап бүгінге дейін осы бағдарламаның редакторы және күн сайын тіклей эфирде шығатын “Ақпарат” қорытынды жаңалықтарының дикторы болып қызмет етеді. 
2021 жылдан бастап бүгінге дейін күн сайын тікелей эфирде прайм-таймда шығатын Халық&Билік бағдарламасының жүргізушісі болып қызмет етіп келеді. 
Отбасылы, тұрмысқа шыққан. 
 

Дәрежесі

Магистр , оқытушы

Оқу орны

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Сертификаттар

  • “ТВ бағдарламасы үшін сценарий жазу” тақырыбы бойынша 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өткенін растайтын сертификат (2023 г.)
  • «Әлеуметтік желілер мен жасанды интеллект дәуіріндегі медиа және ақпараттық сауаттың жаңа компетенциясы» трениңіне қатысып, сәтті өткені жөнінде сертификат. (2023 г.)
  • «Америка тәжірибесіне негізделген медиаэтика» атты тренерлерге арналған тренингіне қатысқанын растайтын сертификат. Тренинг 2023 жылғы аралығында өтіп, 72 академиялық сағатты (38 сағат теория және 34 сағат практика) қамтыды. (2023 г.)
  • Қазақстандағы Фредрих Эберт Қорының өкілдігі ұйымдастырған "Этика, Гендер және Медиа" онлайн-курсына қатысқаны жөнінде сертификат. Онлайн курс 2022 жылғы 14 маусым - 4 тамыз аралығында өтті және 72 академиялық сағатты қамтыды. (2022 г.)
  • “Медиаэтика негіздері, журналист қауіпсіздігі және дау-жанжалға сезімтал тақырыптар” тренингіне қатысқанын растайтын сертификат. (2022 г.)
  • «Медиамашық дамыту тренингіне» қатысып, кәсіби білімін жетілдіргені жөнінде сертификат (2021 г.)
  • «Дезинформацияға қарсы әрекет: баршаға және әркімге арналған медиа және ақпараттық сауаттылық» Жаһандық медиа және ақпараттық сауаттылық аясында педагогтарға біліктілікті арттыру онлайн курсын тәмамдағаны туралы 72 сағат көлемінде сертификат №78 (2020 г.)
  • «Дезинформацияға қарсы әрекет: баршаға және әркімге арналған медиа және ақпараттық сауаттылық» Жаһандық медиа және ақпараттық сауаттылық аясында педагогтарға біліктілікті арттыру онлайн курсын тәмамдағаны туралы 72 сағат көлемінде сертификат №79 (2020 г.)
  • «Инклюзивті білім беру» тақырыбы бойынша 28.09.2020 ж – 09.10.2020 ж аралығында қашықтықтан біліктілігін арттырғаны үшін берілді. Біліктілік арттыруы – 72 сағат. Тіркеу №00662 (2020 г.)
  • «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау» тақырыбы бойынша 21.09.2020 ж – 03.10.2020 ж аралығында қашықтықтан біліктілігін арттырғаны үшін берілді. Біліктілік арттыруы – 72 сағат. Тіркеу №00089 (2020 г.)

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.