 
                         
                     
                                                            аға оқытушы Ғылым кандидаты, Турметов Ибадулла Жусупович
МАРАПАТТАУ ҚАҒАЗЫ
1.Тегі, аты, әкесінің аты: Турметов Ибадулла Жусупович
2. Лауазымы,  жұмыс қызмет орны: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, медицина факультеті «Хирургиялық ауруалар» кафедрасының аға оқытушысы.
3. Жынысы: еркек
4.Туған жылы және туған жері: 30.10.1971 Оранғай ауылы,  Түркістан ауданы, ОҚО
5.Ұлты: қазақ
6. Білімі: жоғары 1989-1995 ж.ж.  Алматы мемлекеттік медицина. Дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген. 
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.
8. Мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан  облысы,Түркістан қаласы.
9. Жалпы еңбек өтілі:  29
10. Осы саладағы еңбек өтілі:  21
11.Осы ұжымдағы еңбек өтілі:  13
12.Марапатталушының айрықша еңбектерін сипаттайтын мінездеме:
Турметов Ибадулла Жусупович 30.10.1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы Оранғай елді мекенінде туылған. 1989 жылы Түркістан қаласындағы №15 орта мектепті аяқтады. 
1989-1995 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтындағы педиатрия факультетін тәмамдаған.
1995-1997 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік медицина университетітің балалар хирургия кафедрасында клиникалық ординатурасын тәмамдаған.
1997-2000 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының балалар  хирургиясы  кафедрасының аспиранты болған.
2000-2010 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясының балалар хирургиясы кафедрасының алғашқыда ассистенті, одан кейін доцент міндетін атқарушысы болып қызмет еткен. Осы институтта ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдану барысында фундаментальды және практика үшін мәні бар өте маңызды ғылыми еңбектерге қол жеткізген.
Жоғарыда айтылған ғылыми-зерттеу еңбектерінің нәтижесінде:
2003 жылы Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-зерттеу институтындағы 14.00.35 арнайы диссертациялық кеңесінде «Хиурургическое лечение доброкачественных опухолевых и опулеподобных заболеваний костей у детей и подростков» - атты ғылыми тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, 2004 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болған. 
2010 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Хирургиялық аурулар» кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылданған.
Ғылыми – педагогикалық стажы  21 жыл.
Турметов Ибадулла Жусупович: 40 астам жарық көрген ғылыми еңбектері әр түрлі басылымдарда жарияланған: соның ішінде импакфактор журналдарында 1 мақала жариялаған.  Бірнеше патенттері жарық көрген.
 
                                    

