team
Жумабаев Уалихан Агабекович

Сапа жөніндегі комиссияның төрағасы

Телефон:
Электрондық пошта:
ualikhan.zhumabayev@ayu.edu.kz
№:
214

                            ЖУМАБАЕВ УАЛИХАН АГАБЕКОВИЧ

Биология ғылымдарының докторы, профессор м.а. 

  Туылған жылы: 05.12.1962 жыл, ОҚО, Бәйдібек ауданы, Кеңес елді мекені.     

    Еңбек жолы: 1981жыл ОҚО, Алғабас ауданы, «Прогресс» совхозы, Кеңес бөлімшесінің қарапайым жұмысшысы, 1981-1983 жылдары Ресейдің Ульяновск қаласында Кеңес әскерінің қатарында әскери борышын атқарды, 1984-1990 жылдыры Алматы мемлекеттік медицина институты Шымкент филиалы фармацевтикалық факультетінің  студенті.     

   Ғылыми - педагогикалық қызметтерін 1990-1995 жылдары ҚР ДСМ «Гигиена және кәсіби аурулар» ғылыми-зерттеу институты Шымкент бөлімінің ғылыми қызметкері ретінде бастап, 1995-1996 жылдары Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы (ОҚММА) Орталық ғылыми-зерттеу лабораториясының ғылыми қызметкері, 1996-1999 жылдары биохимия кафедрасының ассистенті, 1999-2009 жылдары аталған кафедраның аға оқытушысы, доцент м.а., доцент қызметтерімен қатар Химия-фармацевтика факультетінің деканы. 

 2009-2010 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) оқу-клиникалық базасы оқу басқармасының бастығы, фармакология және клиникалық фармакология кафедрасының профессор м.а.

    2010-2012 жылдары Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің оқу ісі жөніндегі вице-президенті, ректоры, 2012-2013 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің Ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялық технологиялар жөніндегі проректоры.

 2013-2018 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология» кафедарсының профессор м.а., Медициналық ғылыми - зерттеу институты мен Шымкент медицина институтының директоры.

   2018 жылдың қыркүйек айынан бастап университеттің «Жалпы хирургия және фармакология» кафедарсының профессор м.а. қызметін атқарып келеді.

    Осы аралықтарда  Ресейдегi Пятигорск медико-фармацевтикалық институты мен С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де, Қазақ медициналық үздіксiз бiлiм беру университеттерінде, Өзбекстан Республикасы, Ташкент медицина академиясының Фармакология кафедрасында  кәсiби бiлiктiлiгiн арттырып, «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.

  Ғылыми жетістіктері: 1999 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің Д 09.01.04 - Диссертациялық кеңесінде 14.00.07-Гигиена және 03.00.04-Биохимия мамандықтары бойынша кандидаттық диссертациясын  қорғап, 2003 жылы доцент ғылыми атағын алды. 

  2009 жылы Қазақ тағамтану академиясы жанындағы ОД 53.28.01 Біріккен диссертациялық кеңесінде «Қорғасынның  ішкі ағзаларға уытты әсері және оның  фитофармакологиялық коррекциясы» атты  биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленуге арналған докторлық диссертациясын  қорғады.

   2010 жылы Қазақ тағамтану академиясы жанындағы ОД 53.28.01. Біріккен диссертациялық кеңесінің мүшесі.

2022 жылдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы 6D070100 - «Биотехнология» мамандығы бойынша диссертациялық  кеңесінің және ҚР БжҒМ-нің 24.02.2022 жылғы №64 бұйрығына сәйкес «Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу туралы» Тәуелсіз сараптамалық комиссиясының мүшесі.                            

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің нәтижесінде 120 ғылыми-әдістемелік еңбектері отандық, жақын және алыс шетелдік Web of Science және Scopus деректер базасындағы басылымдарында жарық көрді. 

Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомоствасы шешімімен өнертабысқа берілген 5 – патент, 2 – авторлық куәлік, 6 тиімді ұсыныс куәліктері, 2 монография,  5 оқу-әдістемелік құралдары мен 040500 – «Фармация» мамандығы бойынша ҚР БжҒМ типтік оқу бағдарламасының, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мекемесінің «Арнайы диабеттік «Инуллaкт-Фито» тағамдық  өнімі» атты СТ У 990440008043-01-2017 Ұйым стандартының авторы. h-index: Web of Science және Scopus-1; Google Scholar- 2.

Республикалық ғылыми-техникалық саласының шеңберіндегі «Өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы жұмысшылардың денсаулығын сақтау» бағдарламасы бойынша (Мемлекеттік тіркелуі 0194РК00428) және «Отандық дәрілік өсімдіктер шикізатының негізінде жаңа дәрілік препараттарды жетілдіріп ендіру» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша (Мемлекеттік тіркелу нөмері – 0.0342) жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындаушысы. 

ҚР БжҒМ 2015-2017 жылдарға арналған  ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша 5570/ГФ4«Шұбаттың негізінде дәрілік сығындылармен үйлескен жаңа қышқылды сүт биопрепаратын алудың технологиясын зерттеп, өңдеу» атты ғылыми жобаның жетекшісі (Мемлекеттік тіркелуі: 0115РК00693).     

Аталған ғылыми жобаның нәтижесінде қантты диабеттің алдын алу және емдеу мақсатында емдiк-профилaктикaлық «Арнайы диабеттік «Инуллакт-Фито» тағамдық өнімі» алынып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің  №KZ.16.01.98.004.Е.000168.03.18 мемлекеттік тіркеуінен 07.03.2018 жылы өтіп, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кеден одағы шеңберінде қолдануына рұқсаты алынды. 

«ҚР БжҒМ Ғылым комитеті» ММ атынан, Оператор – «Ғылым Қоры» АҚ, 2018-2021 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми - техникалық қызмет нәтижелерін  коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға бағытталған конкурс бойынша «Арнайы диабеттік «Инуллакт-Фито» тағамдық өнімін өндірістен өндіру» атты жобасы конкурс жеңімпазы атанды.

        Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің  2022 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері.

        Жетекшілігімен ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен берілген 2 кандидаттық диссертация мен 6D070100 - «Биотехнология»  мамандығы бойынша 1- PhD-докторы және 6М110100-Медицина мамандығы бойынша 3 магистрлік диссертация  қорғалып, PhD-докторанттары мен магистранттарға жетекшілік етуде. 

Әділет Республикалық қоғамдық - саяси ақпараттық, Жаңа  Қазақстан Республикалық ақпараттық-сараптамалық, қоғамдық-саяси, ОҚО қоғамдық-саяси газеттерінде  өз тежірибесімен бөліскен сұхбаттары мен Әділет Республикалық қоғамдық - саяси газеттерінде «Әзіз тірлік-білімдіде» атты ғылыми-оқытушылық өмір жолы туралы мақала жарияланған.

 Ғылыми - педагогикалық және қоғамдық жұмыстардағы қол жеткізген табыстары үшін ОҚММА мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ әкімшіліктерінің  бiрнеше алғыс хаттары мен мақтау грамоталары, ОҚО «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің, ҚР ДСМ, ҚР ҒжЖБМ-нің «Құрмет грамоталары» мен  ҚР Денсаулық сақтау  министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 25 жылдық мерекелік медальімен және «Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу туралы» Үкіметаралық гранттар аясында үміткерлерді іріктеу кезінде Тәуелсіз сараптамалық комиссияның мүшесі ретінде қатысып, лайық үміткерлерді таңдауға қосқан үлесі үшін ҚР БжҒМ - нің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның «Алғыс хаттары» мен марапатталды. 

 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.