


оқытушы Магистр , Ахатаева Мальвина Борашқызы
Ахатаева Мальвина Борашкызы 1988 жылы 20 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір қаласында дүниеге келдім. Ұлтым -қазақ, білімім -жоғары. 1995 жылы Бәйдібек ауданы Оңғар Орманов атындағы орта мектебіне бірінші сыныпқа барып осы аталған орта мектепті 2006 жылы бітірдім. 2006 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Медицина факультетіне оқуға түсіп, 2012 жылы бітірдім. 2013 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша интернатураны бітіріп, «Дәрігер акушер-гинеколог» біліктілігі берілді. 2016 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 6М050700 «Менеджмент (Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент)» мамандығы бойынша магистрі. Еңбек жолын 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті «Жедел медициналық жәрдем» кафедрасының жедел және шұғыл медициналық көмек, медицинадағы манипуляция және симуляциялық курс пәндерінің оқытушысымын. 2016-2020 жж.«Талғат» клиникасында дәрігер акушер-гинеколог қызметін атқардым.
2014 жылы Факультетіміздің жастарын рухани тәрбиелеуде қосқан зор еңбегі үшін медицина факультеті атынан алғыс хатпен марапатталдым. 2021 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Ж.Темірбекова атынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне орай алғыс хатпен марапатталдым.
Отбасы жағдайым тұрмыстамын, 3 ұл –қыздың анасымын.
Жолдасым Оразбеков Сұлтан Сейлханұлы 1988 жылы 28 желтоқсанда дүниеге келген. Қызым Сейлхан Береке Сұлтанқызы 17.05.2012 жылы және Сейлхан Гүлсезім Сұлтанқызы 26.01.2014 жылы, ұлым Сейлхан Расул Сұлтанұлы 01.07.2017 жылы дүниеге келген.
Мекен жайым Түркістан облысы,Түркістан қаласы, Накипов көшесі, 77 үй. Менің отбасы мүшелерім қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.