


профессор Ғылым кандидаты, Нурхасимова Раушан Габбасовна
Нурхасимова Раушан Габбасовна
Акушерлік іс және гинекология кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми дәрежесі: медицина ғылымының кандидаты, ХҚТУ профессоры. Қауымдастырылған профессор. ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Жоғары санатты дәрігер.
1974 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институты, «Емдеуісі» факультетінбітірген. 1975 жылыакушерияжәнегинекологияданинтернатураныөтіп, 1976 жылы Алматы қаласындағы №3 перзентханададәрігер акушер-гинеколог болыпқызметатқарды.
1977-80-ші жылдараралығында Алматы Мемлекеттік медицина институтыныңаспирантурасындаоқыды.
19 ақпан 1981 жылыРесейдіңОмбықаласында «Патогенез и профилактика асфиксии плода и новорожденного с позиции плод как трансплантат» тақырыбындакандидаттық диссертация қорғады.
1980-94 жылға дейін Алматы Мемлекеттік медицина институтының «Акушерия және гинекология» кафедрасында оқытушы, кейін доцент қызметін атқарды.
1994-97 жылдар аралығында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің шақыруымен, Медицина факультетінің «Акушерия және гинекология» кафедрасының менгерушісі болып қызмет атқарды.
1997-99 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясында декан және «Акушерия–гинекология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
1999 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Медицина институтында «Акушерия–гинекология» кафедрасының доценті және оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2000 жылдан Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау орталығының (РЦОЗМИР) докторлық және кандидаттық диссертация қорғаудағы Апробациондық кеңестің мүшесі болып тағайындалды.
2004 жылы Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің шақыруымен Медицина факультетінің «Акушерлік іс және гинекология» кафедрасына кафедра меңгерушісі болып тағайындалып, осы жылға дейін өз ісін атқаруда.
2015-2017 жылдарда Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің ғылыми грантын жеңіп, «Экологиясы қолайсыз аймақта тұратын қызбалалар мен жасөспірім қыздардың репродуктивтік жүйесінің патологиясын анықтау, оның алдын-алу және реабилитациялау шараларын ұйымдастыруды жетілдіру» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.