❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Асилбекова Гульмира Тынысбековна
Ғылым кандидаты, аға оқытушы
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
№2
Бөлім
Ішкі аурулар
322А

Өмірбаян

Тегі, әкесі, аты:  Асилбекова Гульмира ТынысбековнаТуған күні, айы, жылы: 1968 жылы 28 сәуірде дүниеге келген. Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы.Бітірген оқу орны: 1985 жылы орта мектепті бітіріп, Алматы мемлекеттік медицина институтының  педиатрия факультетіне түсіп, 1994 жылы дәрігер-педиатр мамандығын алған.  1994 жылдың 1 тамызынан 29 желтоқсанына дейін Түркістан  қаласы «Қалалық балалар ауруханасында» педиатрия мамандығы бойынша интернатура өткен.Еңбек еткен жылдары мен жерлері, қызметтері, лауазымдары:1995 жылдан бастап балалар емханасында дәрігер-педиатр  қызметін атқарған. 1999-2001 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аспирантурада оқыған. 2001-2006 жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Биология» кафедрасында   оқытушы қызметін атқарған.  2004 жылы м.ғ.д., профессор Б.К.Керімбековтың жетекшілігімен 14.00.07 – гигиена мамандығы бойынша «Особенности динамики антропометрических показателей детей до 7 лет в зависимости от порядка рождения и характера питания» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап,  2005 жылы медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.    2006-2013 жылдар аралығында медицина факультеті «Акушерлік іс және гинекология» кафедрасында «Педиатрия» циклінің жетекшісі қызметін атқарды. 2010-2012 жылдар аралығында медицина факультетінің оқу және ғылым  жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарды. 2013-2014 оқу жылынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша медицина кластерінде ашылған оқыту және бағалау комитетінің жетекшісі қызметін қоғамдық негізде атқарды.  2014-2015 жылынан бастап, қазіргі таңға дейін  «Педиатрия» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.Ғылыми, көркем шығармашылығы мен саласы, басты жетістіктері мен еңбектері:Халықаралық, Республикалық және облыстық деңгейде 30-дан астам ғылыми мақаласы жарияланған, 1 импакт-факторлы 0,25-тен жоғары журналда, 1 Scopus журналында мақалалары жарық көрді. 10-нан астам  оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. Отбасы жайлы: Отбасында 2 қыз, 1 ұлдың анасы.

Білімі туралы ақпарат

Оқу орны

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Алматы мемлекеттік медицина институты

Сертификаттар

  • Инновационные технологии в педиатрии (2024 г.)
  • Балалар аурулары (2023 г.)

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.