Кентау қалалық орталық аурухананың, балалар бөлімінің дәрігері Туреханова Айымхан Абилханқызына, 1968жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары медициналық Туреханова Айымхан Абилханқызы – 1995 жылы Ташкент педиатриялық медицина институтына түсіп, 1991 жылы «педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.Жұмыс жолын 1991 жылы Кентау қалалық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастап, 1992-1993 ж.ж. аралығында Ащысай ауруханасында уч.дәрігер-педиатр қызметін, 1993- 2004ж.ж. аралығында Кентау қалалық орталық ауруханасында, балалар бөлімінде дәрігер ординатор қызметін атқарды. Дәрігер-ординатор болып жұмыс жасай жүріп, қосымша 0,5 ш.б. 01.09.1993-1995жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Медицина факультеті Педиатрия кафедрасында ассистент болып қызмет етті. 01.03.2005-01.12.2008жж. Кентау қалалық ауруханасының бас дәрігерінің экономика ісі жөніндегі орынбасары, 01.12.2008-01.09.2009жж. Балалар бөлімінің меңгерушісі, 01.09.2008-01.09.2013жж. Кентау медицина колледжі, оқытушы (0,5 ш.б.), 01.09.2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін Кентау қалалық ауруханасының жан сақтау бөлімінің дәрігер-балалар реаниматологі қызметін қосымша атқаруда (түнгі кезекшілік). 01.01.2009ж.-01.01.2014ж. Кентау қаласының штаттан тыс бас педиатр дәрігері, 01.09.2013 жылдан қазіргі уақытта ХҚТУ-нің Педиатрия кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда және Кентау қалалық орталық аурухананың, балалар бөлімінің бас кенесшісі. Жоғары санаттағы дәрігер-педиатр, жоғары санатты дәрігер- реаниматолог, балалар невропатологы, нутрицолог. «Ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделінің» тренері.Жоғары дәрежелі педиатр. Жалпы медициналық өтілі – 32жыл.Туреханова А.А – өз ісіне ұқыпты, науқастарға жақсы көзқараспен, ілтипатпен қарайтын маман. Жас мамандарға өз білгенін үйретуге жалықпайды. Ұжым және қала тұрғындары арасында беделі жоғары.
Білімі туралы ақпарат
Оқу орны
Ташкент педиатрия медицина институты
Тараз мемлекеттік инновациялық институты
Сертификаттар
PALS (Pediatric advanced life support) Provider. (2021 г.)
BLS (Basic life support) Provider
ASLS (Advanced cardiovascular life support) Provider.