


оқытушы Бакалавр, Әзімханова Гульвира Көркемқызы
Мен Әзімханова Гульвира Көркемқызы 12.02.1983 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Балаби ауылында дүниеге келдім. 2000 жылы осы ауылда №50 Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірдім. Осы жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-ң медицина факультетінің, Емдеу ісі мамандығына оқуға түстім. 2006 жылы аталған мамандық бойынша диплом алып, 2007 жылы интернатура бойынша сертификат алдым.
2007 жылы 5 қыркүйектен бастап Қызылорда қалалық №1 емханаға аймақтық дәрігер болып орналастым.
2009 жылы отбасылық жағдайға байланысты Түркістан қаласына көшіп келдім. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап ТҚЕ ге аймақтық дәрігер болып орналастым.
2013 жылдың март айынан бастап Түркістан жоғары медициналық колледжіне оқытушы болып қабылдандым.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ де оқытушы болып қызмет етіп келемін.