team
аға оқытушы PhD., Рысымбетов Ержан Курбаналиевич

Телефон:
Электрондық пошта:
yerzhan.ryssymbetov@ayu.edu.kz
№:
206

       1987-1998 жылдар аралығында орта мектепті бітірген. Сонымен қатар, 1991 жылдан бастап көркем-сурет мектебінде қылқаламды кәсіби түрде меңгеруді бастап, білімін арттырды.

 

Білімі:

       1998-2002 жылдар аралығында Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркем-сурет колледжінің «Металды көркемдеп өндеу» мамандығы бойынша үздік бітіріп, біліктілігі – «Суретші-шебер». 

       2002-2006 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Станоктық живопись» мамандығын бітіріп, біліктілігі – «Суретші-кескіндемеші». 

       2006-2008 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің Көркем-сурет факультетінің «6М010700-Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша Магистрі – біліктілігі мен академиялық дәреже.

       2012-2015 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «6D041600-Өнертану» мамандығы бойынша үздік бітіріп, 2016 жылы философия дoктopы(PhD) – өнертану мамандығы бойынша ғылыми атағы берілді.

 

Жұмыс тәжірибесі:

       2008-2012 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің Көркем-сурет факультетінің «Живопись» кафедрасында ассистент қызметінен бастап, аға оқытушы қызметі бойынша еңбек жолын академиялық кескіндеме, композиция, практика пәнінен дәріс беруден бастаған. 

       2012-2013 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті, Көркем-сурет факультетінің Тәрбие ісі жөніндегі деканының орынбасары қызметін атқарды. 

       2013-2014 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты, «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.

       2015-2017 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті Өнер, мәдениет және спорт институты «Шығармашылық мамандықтар» кафедрасында филocoфия PhD дoктopы, аға оқытушы болып жұмыс атқарды.

       2017-2018 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті Өнер, мәдениет және спорт институтының Оқу ісі жөніңдегі директор орынбасары қызметін атқарды.

       2018-2019 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасында филocoфия PhD дoктopы, аға оқытушы қызметін атқарды. 

       2019-2020 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

       2020-2021 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт және өнер факультеті «Бейнелеу өнері» кафедрасында филocoфия PhD дoктopы, аға оқытушы қызметін атқарды.

       2021-2022 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт және өнер факультеті «Бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

       Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт және өнер факультеті «Бейнелеу өнері» кафедрасында филocoфия PhD дoктopы, аға оқытушы қызметін атқарады.

 

Марапаттар:

       2019 жылы «Өнер, мәдениет және спорт институтына 50-жыл» мерей тойына орай, төс белгісімен марапатталды.

       2020 жылы «Қазақ өнерінің қайраткері» төс белгісімен марапатталып, құрметті атағы мен куәлігі берілді.

       2021 жылы «TURAN-QAZAQ» суретшілер конселидациясының мүшесі төс белгісімен марапатталып, құрметті атағы мен куәлігі берілді.

       

Шығармашылық көрмелері мен туындыларының жетістіктері:

70-тен астам шығармашылық туындыларының авторы.

  • 2013 жылы Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласындағы орталық мұражайында және мәдени іс-шаралық орталықтарында 3 жеке шығармашылық көрме.
  • 2021 жылы Шымкент қаласында өткен «МӘДЕНИ МҰРА» атты Халықаралық суретші-педагогтер симпозиумына қатысып БАС ЖҮЛДЕ диплом, сертификат және қаржылай сыйақысы марапатталды.
  • 2022 жылы Түркістан қаласында «Түрленген Түркістан» атты көркем шығармашылық байқауына қатысып Алғыс хатпен марапатталды.
  • 2023 жылы Түркістан қаласында «Түркістан Оқушылар сарайы-ЮНЕСКО клубы» ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдық мерейтойына орай «КӨНЕ МЕН КЕЛЕШЕК КӨПІРІ» атты Халықаралық қылқалам шеберлері байқауында ІІІ-орын диплом және қаржылай сыйақысымен марапатталды.
  • 2020-2023 жылдар аралығында Алматы қаласында «QYZGALTAQ» Халықаралық конкурс-пленэрге қатысып Алғыс хат және мақтау қағаздарымен марапатталды.
  • 2023 жылы Түркия мемлекеті «100th ANNIVERSARY OF THE RESPUBLIC 100 WORKS» INTERNATIONAL JURIED ONLINE MIXED EXHIBITION халықаралық шығармашылық көрме.
  • 2023 жылы Түркістан қаласында VI халықаралық «ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЭТНОМОДАСЫ» апталығы аясында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Qazaq-Oner Ұлттық Қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен халықаралық фестиваль мен шығармашылық плэнерге қатысып Алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.
  • 2023 жылы Түркістан қаласында өткен «Түркістаным-Тұраным» атты кәсіби суретшілер байқауына қатысып 1-орын диплом және қаржылай сыйақысымен марапатталды.
  • 2023 жылы Шымкент қаласында өткен ҚР суретшілер одағының 90-жылдығына арналған Түркістан облысы суретшілері мен қолөнершілердің «Түркістаным-Тұраным» атты шығармашылық көрмесіне қатысты. 

 

     Көркем шығармашылық туындылары Туркия және Қазақстан мұражайларында және Қазақстан, Ресей, Туркия азаматтарының жеке жинақтаушыларының қорында. Халықаралық, бүкілодақтық, республикалық, қалалық және ЖОО шығармашылық көрмелеріне қатысып отырады.

       

Жеке қасиеттері

       Жауапкершілік, адалдық, шыдамдылық, тазалық, еңбексүйгіштік.

 

Қосымша ақпараттар:

        Ғылыми еңбектер: 

        35-тан астам ғылыми мақалаларының авторы.

  • 3 –  Scopus, 1 - Web of Science (Thomson Reuters),  халықаралық деректер базасы тізіміндегі ғылыми журналдар; 
  • 1 –  Шетелдік рейтингтік (шетелдік сараптамалық) ғылыми журнал;
  • 5 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тізіміндегі (ВАК) журналдар;
  • 15 – Жалпы ғылыми журналдар; 
  • 10 Газет, журнал, каталогтар мен көркем альбомдарда еңбектері мен шығармашылық туындылары жарық көрді.

 

Біліктілікті арттыру:

  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығында «Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамын оқыту бағдарламасы бойынша». Астана қаласы, 2018 жыл;
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар». Алматы қаласы, 2019 жыл. 

 

Жетекшіліктегі жетістіктер:

       15-Диплом, 2-Медаль, 15-Сертификат, 4-Мадақтама, 7-Алғыс хат.

 

       Шығармашылық, ғылыми-педагогикалық ізденіс жолы, зерттеу ізденіс жұмыстарының негізгі қағидалары мен нәтижелері халықаралық, республикалық, қалалық және ЖОО профессорлары мен оқытушыларының жыл сайын өтілетін шығармашылық көрмелерінде қатысып, ғылыми оқу-әдістемелік, ғылыми-практикалық, әдістемелік конференцияларда баспадан шыққан ғылыми мақалалар жинақтары алыс-жақын шет мемлекеттерінің және отандық газет-журналдар мен көркем-альбомдарда жарияланып жүр.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.