


аға оқытушы PhD., Рахымжанов Алпамыс Орынтаевич
декан
Рахымжанов Алпамыс Орынтаевич Қазақстан Республикасы Түркістан облысы, Түркістан қаласында 05.12.1983 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ. Отбасылы, 4 қыз 1 ұлдың әкесі. №4 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебіне 1989 жылы 1 сыныпқа қабылданып, 2000 жылы аталған мектепті бітірді. 2000-2004 ж.ж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша Дене шынықтыру мұғалімі, жаттықтырушы біліктілігін алды. 2004-2006 ж.ж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика және психология магистрі дәрежесін алды. 2006-2008 ж.ж.Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аспирантурасын тамамдады. 2011-2013 ж.ж. аталған жоғары оқу орнында 5В050600-Экономика мамандығы бойынша Экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алды. 2006 жылдың 1 наурызынан бастап 2015 жылдың 31 тамызына дейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт және өнер факультеті Бастапқы әскери дайындық кафедрасында магистр-оқытушы қызметін атқарды. 2012-2015 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Қабылдау комиссиясының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2022 ж.ж. аралығы Түркия Республикасы Гази университетінде “Білімді басқару және қадағалау” мамандығы бойынша PhD доктор дәрежесін алды. 2022 жылдың 10 наурыздан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика және психология кафедрасында 2023 жылдың 31 тамызына дейін PhD аға оқытушы қызметін атқарды. 2023 жылдығ 01 қыркүйегінен 2024 жылдың 31 тамызына дейін Спорт және өнер факультеті “Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық ” кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2024 жылдың 2-қыркүйегінен бастап Спорт және өнер факультетінің деканы қызметін атқарып келеді.