team
аға оқытушы Ғылым кандидаты, Айболова Гулнар Курбантаевна

Кафедра меңгерушісі

Телефон:
+7(725) 336-3636
Электрондық пошта:
gulnar.aibolova@ayu.edu.kz
№:
231

Айболова Гулнар Курбантаевна 1972 жылы 23 наурызда ОҚО, Түркістан қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1989-1994 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті, химия факультетінде оқып, химик, химия пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша аяқтаған 1994-2002 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының Т.Ибрагимов орта мектебінде мұғалім, 2002-2005 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Яссы» колледжінде оқытушы, 2005-2012 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Жаратылыстану факультетінің ғылым және тәрбие жөніндегі декан орынбасары, 2012-2013 жж. Медицина факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, 2013-2015 жж. Медицина кластеріне қарасты Оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы, 2015-2018 жж. Студенттік бөлімнің басшысы,  2018-2024 жж. Зертханалық пәнддер кафедрасының меңгерушісі, 2024-2025 оқу жылында Фундаментальды медициналық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқаруда.

2007 жылы техника ғылымдарының кандидаты дәрежесіне орындаған диссертациясын қорғады. 

Жанұялы, 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр. 1 монография, 5 оқу-әдістемелік құрал, 50-тан астам ғылыми мақалалардың, 15 патенттің авторы. 4 мақала Thomson Reuters базасына кіретін журналда жарияланды. Г.К.Айболова жұмысына адал, адамгершілігі мол, ұжымның арасында беделі жоғары, өзіндік көзқарасы және принципі бар тұлға.

2015 жылы ҚР ДСМ Құрмет грамотасымен, 2017 жылы ҚР БҒМ Алғыс хатымен, 2021 жылы ҚР БҒМ Алғыс хатымен және әр оқу жылдары университет ректорының мақтау грамоталарымен марапатталған.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.