


доцент Ғылым кандидаты, Тулешова Эльмира Жанбырбаевна
кафедра меңгерушісі
1974 жылы 6 кыркүйекте ОҚО, Кентау қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1992–1996 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алды. 2001–2004 жылдары «Жалпы химия және химиялық экологиясы» кафедрасының аға лаборанты, 2004 – 2007 жж. аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды, 2008 – 2012 жж. «Экология және химия» кафедрасының оқытушысы, 2013 – 2014 жж. аралығында медицина факультетінің ғылым жөніндегі декан орынбасары, 2014 – 2015 жж. медициналық ғылым департаментінің директоры, 2015 – 2020 жылдары медицина факультетінің ғылым жөніндегі декан орынбасары, 2012 жылдан бастап «Зертханалық пәндер» кафедрасының қауымдастырылған профессор қызметін атқарып келеді.
2009 ж. әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, химия ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесін, 2017 жылы қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды.
2012 жылы «Университеттің үздік оқытушысы» атағына ие болды. 6 оқу құралын, 1 алдын ала патент, 3 инновациялық патент, 2 өнертабысқа патент және 60-ден астам ғылыми мақала дайындаған, оның ішінде 13 мақала импакт факторлы журналдарда жарық көрген. Хирша индексі 3.
2017 жылы ҚР БжҒМ алғыс хатымен және 2021 жылы құрмет грамотасымен, сонымен қатар облыс әкімінің, университет ректорының мақтау грамоталарымен марапатталған.