team
аға оқытушы Ғылым кандидаты, Иманова Дайраш Нуржигитовна

Телефон:
+7(725) 336-3636
Электрондық пошта:
dairash.imanova@ayu.edu.kz
№:
229

Иманова Дайраш Нұржигитовна

Биология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

 

 

 Иманова Дайраш Нұржігітқызы  1990 жылы Алматы қаласындағы Әль – Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін бітіріп, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде биология, химия пәнінен 1998 жылға дейін мұғалім қызметін  атқарды.

 1998-2011 жыл аралығында Түркістан медициналық колледжінде «Молекулалық биология және генетика» пәнінен оқытушы, ЦӘК төрайымы, кафедра  меңгеруші қызметін атқарды. 2005-2010  жылдар аралығында биология ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Абжалеловтың ғылыми жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстан су қоймаларындағы зоопланктонды ағзаларға экологиялық тұрғыдан ғылыми зерттеу жұмысын жасады.            2010 жылы қаңтардың 28- ші жұлдызында Алматы қаласында Білім және ғылым министірлігі РМК «Биологиялық зерттеу орталығы»   «Микробиология және вирусология» институтында «Оңтүстік Қазақстан су қоймаларындағы зоопланктонды ағзалар және бұтақмұртты шаянтәрізділерді (Daphnidae) биотестте қолдану» тақырыбындағы кандидаттық жұмысын сәтті қорғап шықты. Қазақстандағы халықаралық  конференцияларда, ғылыми журналдарда және жақын шетелдерде 30- нан астам еңбектері жарық көрді.

Қазақстан Республикасы Әділет минисрлігінің зияткерлік меншік құқығы комитетінің куәлігімен «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәнінен инновациялық технологияға сәйкес жазылған электронды оқулық және оқу әдістемелік құралы, «Экология және тұрақты даму» пәнінен дәрістер жинағы, «Медициналық генетика есептер жинағы» пайдалануға ұсынылған.

2011 жылдың 1- ші қыркүейегінен бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің медицина факультеті, «Теориялық пәндер» кафедрасына қызметке қабалдынды. Қазіргі таңда «Зертханалық пәндер» кафедрадасында «Молекулалық биология»,  «Молекулалық биология және генетика» пәндерінен дәріс және тәжірибелік сабақтарын жүргізеді. Университет тарапынан бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталған. Білімді маман-білікті ұстаз.  

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.