team
доцент Ғылым кандидаты, Мамырбекова Айгуль Кумекбаевна

Телефон:
Электрондық пошта:
aigul.mamyrbekova@ayu.edu.kz
№:
274

Өмірбаян 

Мамырбекова Айгуль Көмекбайқызы, химия ғылымдарының кандидаты, Медицина факультеті, «Фундаменталды ғылымдар» кафедрасының доценті. 

1990-1995 жылдары аралығында А.К. Мамырбекова Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде білім алды. Жаратылыстану факультетінің   химия-биология мамандығын бітірді.  Еңбек жолын 1995 жылдың  қыркүйек айынан бастап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазак-түрік университетінің медицина факультетінің адам морфология кафедрасында   аға лаборант қызметін атқарды. 1997-2006 жылдары аралығында Кентау қаласында  М. Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназияда және №3 «Дарын» мамандандырылған интернат-мектебінде химия және биология мұғалімі болып жұмыс істеді. 2003-2006 жылдары аралығында  Қ.А. Ясауи атындағы  ХҚТУ-нің аспирантурасының күндізгі бөлімінде жалпы химия және химиялық экология кафедрасында оқыды. 

2007 жылдың сәуір айында  02.00.05 - электрохимия мамандығы бойынша Қарағанды қаласында  ҚР «Органикалық синтезі және көмірхимия» ғылыми-зерттеу институтының Диссертациялық қеңесінде х.ғ.д., профессор Ә. Баешовтың  жетекшілігімен «Электрохимическое поведение элементарной серы в водных растворах при поляризации переменным током» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы  қадағалау және аттестаттау  комитетінің 2007 жылы 23 қазандағы шешімімен (№8 хаттама)  химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2007-2016 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  «Биотехнология» кафедрасында аға оқытушы, доцент қызметін атқарды. М. Әуезов атындағы ОҚМУ –де  қызмет еткен жылдары                                         А.К. Мамырбекованың жетекшілігімен биотехнология бағыты бойынша үш магистр  дайындалды. Елеулі және жемісті еңбегі үшін бірнеше рет мақтау қағаздары мен алғыс хаттарымен марапатталған. Университетте жұмыс істеген уақытында өзін  жоғары білікті маман, жоғары оқу орнының оқу, әдістемелік  және тәрбие процестерінің   тиімді   ұйымдастырушы ретінде көрсетті. 

2015 ж. қазан айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің  шешімімен                                        А.К. Мамырбековаға 02.00.00 – Химия мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.   

2015-2017 жылдары ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыру бойынша «Диметилсульфоксидте ұсақ дисперсті мыс ұнтағын электрохимиялық әдіспен өңдеу»  атты тақырыбының  ғылыми жобаның жетекшісі болды.

  2016-2017 оқу жылынан бастап бүгінгі күнге дейін  Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ  стоматология факультетінің «Зертханалық пәндер» кафедрасында доцент қызметін атқаруда. Медицина және стоматология  оқу бағдарламалар бойынша оқитын білім алушыларға «Биологиялық химия» және «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәндерінен дәріс және тәжірибелік сабақтарды жүргізеді. 

А.К. Мамырбекова 130-дан  аса ғылыми-әдістемелік еңбектерінің авторы, оның ішінде қазақ және орыс тілінде жазылған  15 оқу құралдар мен практикумдар,                     2 монографиялар,  2 патент және 2 алдын ала патенттері  бар. Оның ішінде Clarivate Analytics компаниясының халықаралық ғылыми журналдарында және Scopus библиографиялық және реферативтік мәліметтер қорына кіретін 15 ғылыми мақаласы жарық көрді. Scopus библиографиялық және реферативтік мәліметтер қорында ізденушінің 2024 жылы бойынша Хирш индексі - 4, Web of Science базасында – 3 тең.

2018 ж. қазан айында Университеттің  дамуына  қосқан ерекше үлесі үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен  марапатталды. 

2021 ж. ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының игері.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.