team image
доцент Ғылым кандидаты, Төлеп Әбдімұхан Сейілханұлы

Инженерия факультетінің доценті, техн, ғ.к.

Телефон:
Электрондық пошта:
abdimuhan.tolep@ayu.edu.kz
№:
305

Төлеп Әбдімұхан Сейілханұлы 1971 жылы сәуір айының 1-жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Көксарай ауылында туылған.

Төлеп Әбдімұхан Сейілханұлы Красноярск мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша аяқтаған соң Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Қолданбалы математика кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданып, қазіргі таңға дейін аталған университетте қызмет етіп келеді.

1996-1998 жылдар аралығында Экономика факультеті деканының орынбасары қызметін атқарған. 1998-2001 жылдары аспирантураның күндізгі бөлімін аяқтаған соң Информатика және сандық әдістер кафедрасында аға оқытушы қызметін атқара жүріп, 2004 жылы 01.02.06 – Машиналардың, приборлардың және аппаратуралардың динамикасы, беріктігі мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2010 жылы Ақпараттама, есептеу техникасы және басқару мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алған.

     2004 жылы қыркүйек айынан бастап Жалпы информатика кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы, 2005 жылы қаңтар айынан бастап осы кафедраның меңгерушісі қызметін атқарған. 2006 жылдың тамыз айынан бастап 2015 жылдың қыркүйек айына дейін Ақпараттық технологиялар және инженерлік, Инженерия факультеттерінің деканы қызметін үздіксіз атқарды. 2005-2006, 2010-2011, 2011-2012 оқу жылдарына білімгерлерді қабылдау комиссиясының  жауапты хатшысы қызметін атқарған. 2015-2016, 2016-2017 оқу жылдарында Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры қызметінде болды. 2017-2018 оқу жылында Инженерия факультетінің деканы қызметін жалғастырды. 2018-2019 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін Компьютерлік ғылымдар, Компьютерлік инженерия, Математика кафедраларында доцент қызметінде, ХҚТУ профессоры.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.