Өмірбаян
Сарсенов Бакытбек Темирбекович 07.06.1978 жылы Түркістан қаласында туылған. 1995 жылы Түркістан қаласындағы №17 орта мектепті өте жақсы бағаға бітіріп, 01.02 – Қолданбалы математика мамандығы бойынша Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне түсті. 1999 жылы аталған жоғары оқу орынын бітіріп, 01.02.04 – Деформацияланатын қатты дене механикасы мамандығы бойынша сол университеттің аспирантурасына түсті.01.09.2002 – 01.06.2012 ж.ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Математика кафедрасының оқытушысы, 01.06.2012 жылынан бастап Математика кафедрасының аға оқытушысы, 2021 жылы доцент міндетін атқарушы қызметіне ауысты. 2017 жылдың қыркүйек айынан Жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары қызметін атқаруда.29.05.2016 жылы И.Раззаков атындағы Қырғыз Мемлекеттік Техникалық Университетінде ф.-м.ғ.д., профессор Л.А.Алексеева және ф.-м.ғ.д., профессор Т.Б.Дуйшеналиевтердің жетекшілігімен «Математические модели динамики массива в окрестности очага землетрясения» атты диссертацияны сәтті қорғап, Қырғыз Республикасының ф.-м.ғ.к. ғылыми дәрежесін иеленді.27.06.2017 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің №973 бұйрығымен ф.-м.ғ.к. ғылыми дәрежесін танып, 6D060300-Механика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін тағайындады. 33 ғылыми мақала мен тезистер, 3 оқу әдістемелік құрал авторы.
Баскару қызметтері
Декан орынбасары
| Бөлім | Математика кафедрасы |
| Kısa Bilgi | Декан орынбасары, PhD., аға оқытушы |
Оқу-әдістемелік комитетінің мүшесі
| Бөлім | Математика кафедрасы |
| Kısa Bilgi | Оқу-әдістемелік комитетінің мүшесі, PhD., аға оқытушы |
Сапа жөніндегі комиссияның төрағасы
| Бөлім | Математика кафедрасы |
| Kısa Bilgi | Сапа жөніндегі комиссияның төрағасы, PhD., аға оқытушы |
Факультет директорлар кеңесінің мүшесі
| Бөлім | Математика кафедрасы |
| Kısa Bilgi | Факультет директорлар кеңесінің мүшесі, PhD., аға оқытушы |
Оқу ақпараттары:
-
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Бакалавр -
И.Раззаков атындағы Қырғыз Мемлекеттік Техникалық Университеті
Ғылым кандидаты -
ҚР Білім және ғылым министрлігі
PhD (Докторантура)


