


аға оқытушы PhD., Еркишева Жазира Сабыровна
ӨМІРБАЯН
Мен Еркишева Жазира Сабырқызы 1978 жылы 23-ші шілде айында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Задарья совхозында қызметкер отбасында дүниеге келдім. 1985-1995 жж аралығында осы елді мекенде N213 «Қыркенсе» орта мектебінде білім алып, үздік аттестатпен бітірдім. 1995 -1999 жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қолданбалы математика» мамандығына түсіп, «Қолданбалы математик, математик» маманы біліктілігін алдым. 1999 жылы Жаңақорған кетінде N51 М.Қаратаев атындағы орта мектебіне математика, информатика пәндерінің мұғалімі қызметіне орналастым. 2001 жылдың қаңтар айынан бастап Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының «Экономика» бөлімінің жетекші маманы қызметі ауыстым. 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап Түркістан қаласында ХҚТУ-нің Жаратылыстану факультетінің Математика кафедрасына оқытушы қызметіне ауыстым. 2002-2004 ж аралығында осы университеттің Қолданбалы математика мамандығы бойынша магистратураны бітірдім. 2016-2020 жж аралығында Математика кафедрасының 6D010900-Математика мамандығының докторантурасын тамамдадым.2020-2021 оқу жылынан бастап Математика кафедрасына аға оқытушылық қызметіме қайта кірістім. 22.12.22 күні 6D010900-Математика мамандығының философия докторы дәрежесін алдым. 30-дан астам мақалаларым баспаға жарияланған. Отбасымда жолдасым және екі қызым, бір ұлым бар.
Тел нөмер (8-775-508-92-30)