


доцент PhD., Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич
Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич 1988 жылы 11 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.
2005 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 050110 – «Физика» мамандығына ҰБТ-дан 112 балл жинап оқуға түсіп, 2009 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Физика» мамандығы бойынша «үздік» дипломмен бітіріп шықты.
2010 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне 6М060400 – «Физика» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, магистратураны 2012 жылы бітірді.
2012 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне 6D011000 – «Физика» мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсті.
Ш.Ж.Раманкуловтың зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда 60-қа жуық ғылыми еңбегі жарық көрді. 3 оқу құралы, 2 монография, 6 электронды оқу құралы, 6 авторлық куәлігі бар. Индекс хиршасы 7-ге тең.
Қазіргі таңда ҚР ҒЖБМ ҒК 18.10.2022 жылғы № 172/30-22-24 келісім-шарт негізіндегі АР14870844 «Инженерлік-техникалық салаларда STEAM білім беру негізінде студенттерді ағылшын тілінде даярлау үдерісін дамыту» жобасының жетекшісі болып табылады.
Раманкулов Шерзод түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген және кафедрада физика пәндерін ағылшын және түрік тілдерінде жүргізеді. Түркия Республикасының Анкара қаласында, Гази университетінде, Сакарья қаласындағы Сакарья университетінде, Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде тағылымдамадан өткен.
Мінезі ашық, іскер, ұйымдастыру қабілеті жоғары. Өз жұмысына жауапты және ұжыммен тіл табыса білетін Ш.Ж.Раманкулов оқытушылар ұжымы мен білім алушылар арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген.