team
доцент Ғылым кандидаты, Темирбеков Алишер Низаметдинович

Телефон:
Электрондық пошта:
alisher.temirbekov@ayu.edu.kz
№:
308

Темирбеков Алишер Низаметдинұлы 1950 жылы 24 ақпанда Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Орта Шыршық ауданы, Шыбын төбе ауылында туылған. 1967 жылы орта мектепті алтын медалға бітірген соң Ташкент мемлекеттік Университетінің физика факультетіне оқуға түсіп 1972 жылы бітірді. 1972-1976 жылдары Өзбекстан ҒА Электроника институтына инженер, жетекші инженер, 1976-1981 жылдары Ташкент ирригация және механизация институтының физика кафедрасында  лаборатория меңгерушісі, ассисент, 1981-1999 жылдары Ташкент Мемлекеттік медицина институтында  ассисент, аға оқытушы, доцент қызметкерлерінде жұмыс істеді. 

1999 жылдан бастап Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Бағдарламалармен қамтамасыздандыру» кафедрасында доцент, ХҚТУ профессоры қызметтерін атқарды. 2005 – 2014 жылдар аралығында   осы кафедраның меңгерушісі  қызметін атқарды. 1988 жылы Ташкент Кибернетика институтында «Разработка моделей, алгоритмов и систем диагностирования и управления лечебным процессом» атты тақырыпқа кандидаттық  диссертация қорғады. 2018 жылдың қыркүйек айына дейін «Компьютерлік инженерия» кафедрасында доцент қызметінде жұмыс істеді. Темирбеков Алишер Низаметдинұлы медициналық кибернетика, жүйелік талдау, ақпаратты басқару мен өңдеу салалары бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстар жүргізуде. 2018 жылдың қыркүйек айының басынан «Жалпы медицина» кафедрасына аусып доцент қызметінде жұмысын атқарды, ал  2023 жылдың қыркүйек айының басынан «Физика» кафедрасына аусып доцент қызметінде жұмысын жалғастыруда. 

Темирбеков А. Н. медициналық кибернетика, жүйелік талдау, ақпаратты басқару мен өңдеу салалары бойынша ғылымның  дамуына үлкен үлес қосқан педагогтардың бірі. Оның ғылыми-педагогикалық еңбектері ескеріліп университет президентінің мақтау грамоталарымен, Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының грамотасымен және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ұлағатты ұстаз», «Қожа Ахмет Яссауи» төс белгілерімен марапатталған.

          А.Н.Темирбековтің жас оқытушыларға оқу-әдістемелік бағыт беруде және өз шеберлігін жетілдіру жұмыстарында жасап жатқан ғылыми-әдістемелік еңбектері өте көп. А.Н.Темирбеков бүгінгі таңға дейін 130-ға тарта ғылыми еңбектердің, 30-дан аса оқу және оқу-әдістемелік  құралдарының авторы. Әр жылы өткізілетін жаратылыстану техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің  ең үздік ғылыми жұмысына арналған Республикалық байқауларда  ол жетекшілік жасаған  студенттер І, ІІ ЖӘНЕ  ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталған.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.