team
PhD., Ахметов Нурлан Абдурахманович

Экология ҒЗИ-ның директоры, PhD

Телефон:
+7(725) 336-3612
Электрондық пошта:
nurlan.akhmetov@ayu.edu.kz
№:
3

Мен, Ахметов Нурлан Әбдірахманұлы, 1985 жылы 13 наурызда Түркістан қаласында дүниеге келдім. 1993 жылы №31 Абай атындағы орта мектепке қабылданып, 2003 жылы аталмыш мектепті үздік бітірдім. 2003 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Жаратылыстану» факультетінің «Химия және Биология» мамандығына оқуға түсіп, 200бітірдім. 2008 жылы аталмыш университеттің «Экология» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасына оқуға қабылданып, 2010 жылы бітірдім. 2010 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың тамыз айына дейін университетке қарасты «Экология» ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқардым. 2015 жылдың қыркүйек айында Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Гази университетінің докторантурасына қабылданып, 2023 жылдың наурыз айында  докторлық диссертациямды сәтті қорғап, PhD докторы дәрежесін алдым.

Сотталмағанмын.

1992 жылы 7 шілдеде дүниеге келген Аманжолова Әлина Болатқызымен некелескенмін. Ол Түркістан қаласында туылған. Математика мамандығы бойынша жоғары білімі бар, қазіргі таңда Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Гази университетінде докторантура бағдарламасы бойынша білім алуда. Менімен бірге Түркістан қаласы С.Байжанов көшесі 66-үй 1-пәтерде тұрады. 2 - ұл, 1 – қызымыз бар.

Қосымша мәліметтер:

Әкем: Ахметов Әбдірахман Алякпарұлы 1954 жылы 3 қыркүйекте Түркістан қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі жоқ. Түркістан қаласы, С.Байжанов көшесі, 66-үй, 1-пәтерде тұрады. Қазіргі таңда зейнеткер. Сотталмаған. 

Анам: Байтуғанова Гүлнар Айтжанқызы 1965 жылы 29 тамызда Түркістан қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі жоқ. Түркістан қаласы, С.Байжанов көшесі, 66-үй, 1-пәтерде тұрады. Сотталмаған.

Әпкем: Ахметова Айгүл Әбдірахманқызы 1982 жылы 16 тамызда Түркістан қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Шымкент қаласы, Көктем көшесі, 16 үйде тұрады. Сотталмаған. 

Інім: Ахметов Нұрболат Әбдірахманұлы 1988 жылы 11 қыркүйекте Түркістан қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Тараз қаласы шалғай қарасу, Отырар көшесі, 18-үйде тұрады. Сотталмаған.

Қарындасым: Ахметова Айгерім Әбдірахманқызы 1992 жылы 18 желтоқсанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданы 7 - үй, 40 - пәтерде тұрады. Сотталмаған. 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.