


Бостанова Ардак Муратовна
департамент директоры
ӨМІРБАЯНЫ
Бостанова Ардақ Мұратовна, 1974 жылы 31 мамырда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.
1981-1991 жылдар аралығында Александровка орта мектебінде оқыды. 1991 жылы орта мектепті «күміс» медалімен бітірді.
1992-1994 жылдары Қазақ қыздар педагогикалық институтында биология-экология мамандығы бойынша оқыды.
1996-1998 жылдары Қазақ қыздар педагогикалық институтының Жаратылыстану-география факультетінің Биология кафедрасында стажер-зерттеуші.
2009 жылы 03.00.05 – Ботаника және 03.00.24 – Микология мамандығы бойынша «Оңтүстік Қазақстанның астық қоймаларындағы тұқымдарды зақымдайтын саңырауқұлақтар түрлерінің биоэкологиялық ерекшеліктері» тақырыбында биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
2000-2008 жылдары – Түркістан қаласындағы Қазақстан-Ресей университетінің Жеке білім беру мекемесінің ассистенті, оқытушысы, оқу процесінің аға координаторы.
2008-2018 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға оқытушы, доцент, декан орынбасары, биология кафедрасының меңгерушісі, жаратылыстану факультетінің деканы, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, тіркеу офисінің бастығы қызметтерін атқарған.
2018 жылдан бастап Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқу - әдістемелік бөлімінің бастығы лауазымына конкурстық негізде тағайындалды.
2018 жылдың қарашасынан Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры лауазымына конкурстық негізде тағайындалды.
2019 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директорының орынбасары.
ҚР БжҒМ Құрмет грамотасымен марапатталған.
12 оқу-әдістемелік құралы, ғылыми басылымдарда 50-ден астам ғылыми мақаласы, соның ішінде индекстелген, бір монографиясы жарық көрген.
Тұрмыста, 2 ұл, 2 қыз, 4 немересі бар.