team
аға оқытушы Ғылым кандидаты, Искандирова Эльмира Джапаровна

Телефон:
Электрондық пошта:
elmira.iskandirova@ayu.edu.kz
№:

ИСКАНДИРОВА ЭЛЬМИРА ЖАППАРҚЫЗЫ

медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

 

Искандирова Эльмира Джапаровна 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. 

1982 жылы Шымкент қаласындағы  №8 орта мектепті бітіріп, 1982 жылы Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы мемлекеттік медициналық институтының «Емдеу ісі» факультетіне түскен. Аталмыш институтты 1988 жылы  үздік  бітірген.

Еңбек жолын 1988-1996 жылдар аралығында  «Фосфор» МСБИ терапия бөлімшесінде дәрігер-ординатор қызметінен бастады. 1996 жылдан бастап ішкі аурулар кафедрасына ауысып, ассистент  жұмысын атқарған. 2008 жылдан осы уақытқа дейін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факультетінің ішкі аурулар кафедрасында доцент міндетін атқарады. 2009 жылдан бастап кафедраның атауы №1 госпитальді терапия болып өзгертілді.

Жұмыс барысында клиниканың ревматология, неврология, гинекология, хирургия, реанимация бөлімдерінде терапевт ретінде науқастарға кеңес беріп, клиникалық жұмыс жүргізеді. 

2006 жылы  Алматы қаласындағы кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ «Структурно-функциональные показатели сердца у больных гипотиреозом в йоддефицитном регионе» тақырыбынан  кандидаттық диссертация қорғап, 2003 жылы жоғары дәрежелі дәрігер санатын алды. 

         2008 жылы жоғары дәрежелі дәрігер  санаты қайта тағайындалды және  дәрігер-терапевтің сәйкестік сертификатын алды.  30 ғылыми еңбектері басылымнан шыққан. 

        Қазіргі уақытта ХҚТУ, ШК, Жорғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, ішкі аурулар кафедрасында м.ғ.к.,  доцент м.а. қызметін атқаруда.  Жоғары санатты дәрігер. 

            

Байланыс тел:  8-701-725-95-09

                            Iskandirova64@mail.ru

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.