team
аға оқытушы Ғылым кандидаты, Шагиева Гульзат Абдулаевна

Телефон:
Электрондық пошта:
gulzat.shagieva@ayu.edu.kz
№:

                       

                                ШАГИЕВА ГУЛЬЗАТ АБДУЛАҚЫЗЫ

медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

 

 

Шагиева Гульзат Абдулаевна  1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.

 1983 жылы орта мектепті бітірген соң, Целиноград мемлекеттік медицина  институтына түсіп, айтылған институтты 1989 жылы үздік бітірген. 1989-1991 жылдар аралығында ЦММИ–да ішкі аурулар кафедрасында ішкі аурулар пәндері бойынша клиникалық ординатураны өткен. 1991 жылы «Фосфор» МСБ-ң профпатология бөлімшесіне дәрігер-ординатор болып жұмысқа тұрған. 1996 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факультетінің Кентау қаласынан ауысып келу себебінен «Фосфор» МСБ Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ клиникасы  атағына ие болды.  1996 жылдан бастап ішкі ауруларкафедрасына ауысып, ассистент ретінде жұмыс атқарған. 2006 жылы  Алматы қаласындағы кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ «Манифестный и субклинический гипотиреоз в йоддефицитном регионе (частота выявляемости, клиника, методы лечения)» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2008 жылдан осы уақытқа дейін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факультетінің ішкі аурулар кафедрасының доцент м.а. қызметін атқарады.2010 жылдан бастап кафедраның атауы №1 госпитальді терапия болып өзгертілді.  

   Жұмыс барысында клиниканың неврология, гинекология, хирургия, реанимация бөлімдерінде терапевт ретінде үнемі науқастарға кеңес беріп, клиникалық жұмыс жүргізеді. 30 аса ғылыми еңбектері басылымнан шыққан.

       Қазіргі уақытта ХҚТУ, ШМИ, Жорғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Терапия кафедрасында м.ғ.к., доцент м.а. қызметін атқаруда. Жоғары санатты дәрігер

     Байланыс тель: 8-701-722-78-43

                       Shagieva.66@mail.ru

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.