


аға оқытушы Магистр , Сахова Базаркуль Орынбасаровна
Сахова Базаркүл Орынбасарқызы 1975 жылы 5 желтоқсанда ОҚО Шардара ауданы «Комсомол» совхозында дүниеге келген. 1982-1992 ж аралығында «Комсомол» орта мектебін үздік бітірген. 1992-1998жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факултетін бітірген .
Еңбек жолы 1998 ж. Ордабасы ауданының емханасында учаскелік дәрігер болып бастаған. 2002 ж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факултетінің Ішкі аурулар кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2009 жылдан бастап кафедра №1 госпитальді терапия кафедрасы болып өзгертілді.
Осы уақытқа дейін «Анализ взаимосвязи качества жизни и функционального состояния миокарда у больных с ХСН ревматического генеза», «Темір жетіспеушілік анемиясының Кентау өңіріндегі ағымының ерекшеліктері», «Качество жизни у больных ревматизмом и изолированным и комбинированными пороками», «Цитокиндер өндірілуінің белсенділігіне глюкокортикоидтар әсері, Кардиоревматология бөлімінде 2005-2006 жылдарда емделген науқастардағы аурушаңдық құрылымы» атты ғылыми мақалалары және «Пневмококкты инфекцияларды әртүрлі серологиялық реакциялар көмегімен анықтаудың жеделдетілген иммунодиагностикасының принциптері» оқу-әдістемелік құрал жарыққа шыққан.
Сонымен қатар 5 курс студенттерінің мемлекеттік кәсіптік тәжірибесін жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. дәрігер-интерндерге ішкі аурулар пәнінің пульмонология бөлімі бойынша әдістемелік нұсқаулар жинағы (қазақ, орыс тілдерінде). Дәрігер-интерндерге ішкі аурулар пәнінің кардиология бөлімі бойынша әдістемелік нұсқаулар жинағы (қазақ, орыс тілдерінде). Дәрігер-интерндерге ішкі аурулар пәнінің ревматология бөлімі бойынша әдістемелік нұсқаулар жинағы (қазақ, орыс тілдерінде). с/g полиморфизм гена бета 1-адренорецептора и результаты оценки по шкале клинического состояния при хронической сердечной недостаточности в модификации в.ю. мареева (2000) у больных с хронической ревматической болезнью сердца казахской национальности (ғылыми тезис). Ішкі аурулар пәнінің кардиология бөлімі бойынша дәрігер-интерндерге арналған әдістемелік нұсқаулар жинақтары жарыққа шыққан.
Қазіргі уақытта ХҚТУ, ШК, Жорғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, ішкі аурулар кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда. Жоғарғы санатты дәрігер.