


доцент Ғылым кандидаты, Сатханбаев Аскар Зайдуллаевич
САТХАНБАЕВ АСҚАР ЗАЙДУЛЛАҰЛЫ
ӨМІР БАЯН
Мен, Сатханбаев Асқар Зайдуллаұлы Шымкент қаласында 22 мамыр 1956 жылы дүниге келдім.
Орта мектепті бітірген соң 1973-1979жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық инстутында емдеу ісі факультетінде оқып, үздік дипломмен бітірдім.
1979-1980 жылдары хирургия мамандығы бойынша интернатураны Оңтүстік Қазақстан облыстық ауруханасында өттім.
1980-1992 жылдары Шымкент қалалық жедел медициналық көмек ауруханасында дәрігер хирург болып жұмыс істедім.
1992-1997 жылдары Шымкент қалалық «Фосфор» ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқардым.
1997 жылдан бүгінге дейін Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетіне оқытушылық қызметіне ауыстым.
2002 жылы ҚР ЖАК доценті атағын алды, ал 2007 жылдан ХҚТУ профессоры
2007-2013 жылдары интернатура факультетінің деканы болдым.
2013 жылдан бүгінге дейін «Хирургия және анестезиология-реанимация» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарудамын.
2001 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің «Емдеу ісінің үздігі » төс белгісімен марапатталдым.
2011 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінен «Үздік жұмыскер» төс белгісімен марапатталдым.
2016 жылы ҚР дәрігерлер ассосияциясының «Алтын дәрігер» төс белгісімен марапатталдым.
2017 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінен «Ұлағатты ұстаз» төс белгісіне иелендім.
15-резидент-хирургтың, 3-магистранттың жетекшісі, №1 қалалық клиникалық ауруханасында дәрігерлік экспертизаның комиссиясының талабына сәйкес науқастарға кеңестік қорытынды беремін, №2 хирургия бөлімшесінің жұмысына жетекшілік етемін.
Осы қызметтер атқарған жылдарымда 100–ден аса ғылыми және әдістемелік еңбектерім жарық көрді. Оның ішінде: 5 оқу құралы, 10 оқу-әдістемелік құрал, 85 ғылыми мақалалар баспадан шықты.
Ғылыми – педагогикалық және қоғамдық жұмыстарында қол жеткізген табыстарым үшін Оңтүстік Қазахстан денсаулық сақтау басқармасының және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті әкімшіліктерінің бірнеше мақтау грамоталарымен марапатталдым.
Жанұямда үш баламен үш немере тәрбиелеп отырмын.