team
доцент Ғылым кандидаты, Казбекова Кенжетай

Телефон:
Электрондық пошта:
kenzhetay.kazbekova@ayu.edu.kz
№:
13

Өмірбаян

 

Мен, Казбекова Кенжетай  1949 жылы 06 маусымда  Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келдім.

8 сыныпты бітіргеннен кейін медициналық училищеге түсіп,  1967 жылы үздік белгімен бітірдім. 1967 жылдан 1970 жылға дейін медбике болып жұмыс істедім. 

1970 жылы Семей қаласындағы Семей мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1976 жылы бітірдім. 1976-1977 ж. интернатура өттім.

1977-1987 жылдары ЖМКА (БСМП) кардиолог болып жұмыс істедім.

1988 жылдан 1996 жылға дейін "Фосфор" МСБ кардиолог болып жұмыс атқардым.

1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факультетінде жұмыс атқарып келемін. 

2002 жылы  кандидаттық диссертация қорғадым, 2007 жылы доцент атағын алдым.

Біліктілікті арттыру курстары арқылы білімімді үздіксіз арттырып келемін, кардиология және электрокардиография бойынша  курстар өткіземін.

60-тан астам ғылыми мақалаларым жарық көрді, 2 оқулық және электрокардиография бойынша атлас мемлекеттік тілде жазылды, олар республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кардиология институтынан оң пікірге ие болып, ҚР барлық жоғары оқу орындарына оқулық ретінде ұсынылды.

Марапаттары: ХҚТУ-нің 25 жылдығы және  ХҚТУ-нің 30 жылдығына арналған медальдарымен, Қ.А. Ясауи-дің 1500 жылдығына орай «Ұлағатты ұстаз» арналған медалмен марапатталдым.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.