team
аға оқытушы Жоқ, Бекназарова Замираш Абдурахимовна

Телефон:
Электрондық пошта:
zamira.beknazarova@ayu.edu.kz
№:
109 бөлме

1975 жылы 28 тамыз күні Түркістан облысы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.

          Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, медицина факультетінің 1999 жылғы түлегі.

Жалпы тәжірибелі дәрігер, Денсаулық сақтау саласының магистрі, «Жалпы дәрігерлік тәжірибе 2» пәнінің оқытушысы.

          Алғашқы еңбек жолын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, медицина факультетінің «Жедел жәрдем және емханалық терапия» кафедрасынан бастаған, кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Н.К.Тузельбаев. Қазіргі таңда «Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда.

Жұмыс өтілі - 23 жыл, жоғары санатты дәрігер.

          Университет ректорының Алғыс  хаттарымен бірнеше рет марапатталған. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім саласына байланысты бағыттарын білім беру ұйымдарының педагогтары арсында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жоғары оқу орнының үздік педагогы - 2020» I дәрежелі дипломы мен төсбелгісімен, университеттің дамуына қосқан үлесі үшін 30 жылдық мерейтойлық төсбелгісімен марапатталған. 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.