Biography
Мен, Байбахов Нұрбол Абдурайымұлы 1983 жылы 1-ақпанда ОҚО, Түркістан ауданы, Шоқтас елдімекенінде дүниеге келдім. 2000-жылы орта мектепті бітіріп, «Социология және Демография» мамандығы бойынша Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне грант негізінде оқуға түстім және 2004 жылы оқуымды сәтті аяқтадым. 2004-2006 жылдары аталған университетте «Әлеуметтану» мамандығы бойынша грант негізінде магистратура оқыдым. 2006-жылдың ақпан-қыркүйек айларында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Шағын социологиялық зерттеулер орталығында» жетекші маман қызметін атқардым. 2006-жылдың қыркүйек айында аталған университеттің «Әлеуметтану және Саясаттану» кафедрасына оқытушы қызметіне қабылдандым, 2010-2014 жылдар аралығында Заң факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары болып қызмет атқардым. 2014-жылы «Туркия бурслары» атты халықаралық бағдарламамен Түркия Республикасына Сельчук университетіне «Әлеуметтану» мамандығы бойынша докторантураға (PhD) оқуға түсуіме байланысты өз өтінішім негізінде жұмыстан шықтым. 2020-жылы докторантураны (PhD) сәтті аяқтап «Әлеуметтану» мамандығы бойынша доктор (философия докторы/PhD) академиялық дәрежесін алдым. 2021-жылдың қаңтар айынан бастап Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Рухани жаңғыру» ҒТО және «Саналы ұрпақ» кеңсесінде «менеджер» болып жұмыс жасадым. 2021-жылдың қыркүйек айынан бері “Халықаралық қатынастар” кафедрасында PhD, аға оқытушы қызметін атқарудамын. 2013 жылы «Өрлеу» бағдарламасы аясында ҚР ЖОО-ның педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін көтеру курсы бойынша (240 сағат) Ұлыбританияда Норвич тіл білімі институтында (Norwish Institute for Language Education) біліктілік көтердім. 10 нан аса ғылыми еңбектерім жарық көрген. Білім беру, ғылым мен тәрбие салаларында атқарған жұмыстарым бойынша университет қабырғасында алған бірнеше марапаттарым бар. “Әлеуметтану” пәнінен бакалавр деңгейіндегі білім алушыларға дәріс жүргіземін.
Level
PhD., Senior Lecturer
Education
- Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
- Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
- Selcuk University
Certificates
- Certificate (2024 г.)
- Skills Technology Foresight (2024 г.)
- Storytelling and influencing: Communicate with impact (2024 г.)
- Effective Problem-Solving and Decision-Making (2023 г.)
- Course on «Ethics in biomedical research» (2022 г.)
- Management in education (2022 г.)
- Advanced training in the field of sociology (2021 г.)
- Teaching and assessment of distance education technologies (2021 г.)
- Inclusive education and process organization (2021 г.)
- Advanced training course in sociology subject to international requirements (2021 г.)
- Turkish Proficiency Certificate (2021 г.)
- Training course for teachers of pedagogic specialties of the University of the Republic of Kazakhstan (2013 г.)


