МАНСАПТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ
Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығының қызметі: Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы — білім алушылардың кәсіптік практикасының академиялық күнтізбеге сәйкес өтуін қадағалау және ұйымдастыру мен бітірушілердің жұмысқа орналасуына ықпал етіп, кәсіби дамуы мен мансаптық (карьералық) өсуіне көмек көрсету, бағыт беру және оларға бақылау жүргізеді.
Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығының құзіреті: Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы университет білім алушыларының кәсіптік практикасын ұйымдастырады, бітіруші курс білім алушыларының жұмысқа орналасуына ықпал етеді, түлектер статистикасы мен жұмысқа орналасуы бойынша мониторинг жасайды.
Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы негізгі міндеттері:
Еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарымен университет бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыру механизмін анықтау;
Факультет, кафедралармен, жұмыс беруші мекемелермен ақпараттық байланыс орнату;
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты жаңа технологияны меңгеру барысында жұмыс сапасын жоғары көтеруде үнемі ізденісте болу;
Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін, компания мен фирмалар презентацияларын ұйымдастыру;
Университет студенттерін түрлі компаниялардың мақсатымен, қызмет түрлерімен таныстыру және жұмыс берушілердің қанағаттану деңгейін білу үшін сауалнамалар жүргізіп, оған талдау жұмыстарын жүргізу;
ҚР БжҒМ, ДСМ, облыстық адами әлеуетті дамыту және денсаулық сақтау басқармаларымен байланыс орнатып, бітірушілерді жұмысқа орналастырудың алдын ала шараларын ұйымдастыру;
Студенттердің түрлі мекеме, компаниялардың бос жұмыс орындары бойынша мансаптық өсу мүмкіншіліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;
Жұмысқа орналасуда студенттер мен бітірушілерге жеке кеңес беру;
Студенттер мен жұмыс берушілер арасында қанағаттанарлық деңгейін анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізу;
Бітірушілер арасында Сауалнама жүргізу және оған талдау жасау;
Жұмысқа орналасқан түлектердің мониторингін анықтау;
Басқа ЖЖОКБҰ-ның түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында іс-шараларды қолдану әдістерін зерттеу және олардың тиімді жұмыстарын қолданысқа енгізу жөнінде ұсыныстар жасап отыру;
Бітірушілер туралы жалпы мәліметтерді жинақтап, үйлестіріп отыру;
Электронды резюмелерді дайындап, сайтқа енгізу;
Кәсіптік практикалардың ұйымдастыру, жабылу, қорытындылау конференцияларына қатысу;
Кәсіптік практика есебін қабылдауға қатысу және қорытынды хаттамаларын жинақтау;
Түлектердің жұмысқа орналасуын ЖСН (ИИН)-дері арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталығының (бұдан әрі ӘЗҚҚҮжО) дерекқор жүйесінен тексеру арқылы анықтау.