❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕГЕМЕНДІК ТҰҒЫРЫ!

  • 22.10.2026
  • KZ
  • 42

image

25 қазан – Республика күніне орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы Қазақ, орыс тілдері бөлімінің магистр-оқытушысы Балтабай Ақжарқынның жетекшілігімен ТД-7 тобының ұйымдастыруымен «Республика күні – егемендік тұғыры!» атты мәдени-танымдық мерекелік кеш өтті.

Мерекелік шарада ТД-7 тобының тыңдаушылары қазақ тілінде Отан туралы өлеңдер оқып, ән шырқап, ұлттық билер орындады. Сонымен қатар «Қазақстанды қаншалықты білесің?» атты танымдық ойынға қатысып, еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты білімдерін ортаға салды.

 Іс-шараның басты ерекшелігі – түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тіліне, ұлттық мәдениетімізге және Қазақстанға деген құрметін өнер арқылы әсерлі жеткізуі.

Мерекелік кеш ұлттар арасындағы достық пен өзара сыйластықты нығайтып, мемлекеттік тілдің біріктіруші күшін айшықтаған мазмұнды әрі тағылымды шара болды.