Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «AP19579398 Индустрия 4.0 жағдайында студенттердің креативтілігін STEM білім беру негізінде дамыту» атты гранттық жобасы аясында республикалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Индустрия 4.0: Креативті студент» конкурсының бірінші іріктеу кезеңі өткендігін хабарлайды.
Іріктеуден өткен барлық қатысушыларды 2024 жылдың 17-18 қазан күндері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өтетін конкурстың екінші кезеңіне қатысуға шақырамыз.
Бірінші іріктеу кезеңінің қорытынды нәтижелері бойынша келесі кезеңге жолдама алған қатысушылардың тізімі және конкурс бағдарламасы қосымшада көрсетілген.
Өтетін орны: Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29. Мәдениет орталығының кіші залы.
Басталу уақыты: 17-қазан, 2024ж. сағ:8:00
Шақыру хаты
Креативті студент Республикалық конкурс бағдарламасы
ҒЖ қорғау бойынша бағалау критерийлері