Сатып алуды ұйымдастырушы: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (бұдан әрі - Университет).
Мекен –жайы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан.
Байланыс телефоны: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62
Сатып алу әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» регламентінің (бұдан әрі -Регламент) 23-бабы f) тармақшасы негізінде конкурс тәсілімен Университеттің Н.Назарбаев көшесі №23 мекенжай ғимаратындағы мүгедектерді оңалту орталығына қажет етілген құрал-жабдықтармен, жиһаздармен жабдықтауды лоттар бойынша және техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
1-Лот: Электрондық және ақпараттық жабдықтар
2-Лот: Кеңсе және жиһаз бұйымдары
3-Лот Өнеркәсіптік ас үй жабдықтары
4-Лот Асхана және сервиздік ыдыс-аяқтар
5-Лот Текстиль және тұрмыстық бұйымдар
6-Лот Қауіпсіздік, бақша және техникалық құрал-жабдықтар
Сатып алуға қатысу шарттары: Жұмыстарды орындау мерзімі 45 күнтізбелік күн. Сатып алуға қатысушылар Университет Регламенттінің 10-бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсыну қажет.
1. әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы (құжаттары);
2. әлеуетті өнім берушінің бухгалтерлік балансы немесе оның талап етілген бөлімдері, егер жоқ болса, оған теңестірілген өзге де құжаттары;
3. әлеуетті өнім берушінің орындаған жұмыс көлемін растайтын жалпы табысы туралы анықтамасы немесе сатып алу нысаны болып табылатын жұмысты орындау саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
4. Кәсіби және техникалық біліктіліктерін анықтау үшін келесі құжаттарды тапсыру талап етіледі: әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзыретті органдарға тіркеле отырып, жұмыс істеуге рұқсат алғанын және баға ұсынысын жасауға құзыреттілігін растайтын құжаттары; Баға ұсынысы (баға ұсыныстарын беру кезеңінде ҚҚС төлеуші болып табылған жағдайда ҚҚС төлеуші екендігін растайтын құжаттарын қоса ұсына отырып, баға ұсыныстарының шегінде ҚҚС қоса есептеп ұсыну қажет).
5. әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік немесе жеке секторда шарт негізінде осы немесе осыған ұқсас тауарларды жеткізгендігін растайтын құжаттары, атап айтқанда соңғы он бес жыл ішінде тауарларды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
6. әлеуетті өнім берушінің ұйымдық құрылымы толық көрсетілген және өткізілетін сатып алудың нысаны болып табылатын тауарды жеткізу үшін тиісті біліктілікке ие қызметкерлерінің және өткізілетін сатып алудың нысаны болып табылатын тауарды жеткізуге қатысты әкімшілік (басқарушы) қызметкерлерінің құрамы мен техникалық қызметкерлерінің кәсіби білімі мен біліктілігін растайтын құжаттары;
7. өткізілетін сатып алудың нысаны болып табылатын жұмысты орындау үшін қажетті материалдық-техникалық ресурстарының бар екендігін растайтын құжаттары;
8. әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізудегі ұсыынылған тауарлардың тікелей өндірушісі немесе ресми дилері екендігін растайтын қжаттары;
9. Өтінімді қамтамасыз ету мақсатында әлеуетті өнім беруші ұсынған жалпы сомасының кем дегенде 5%-ы мөлшеріндегі қаражатын төмендегі реквизиттерге енгізуі қажет; Тапсырыс беруші: «Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесі, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29В, БСН 990440008043, HSBKKZKX KZ436010291000010707, «Қазақстан ХалықБанкі» АҚ.
Сатып алынатын жұмыстардың тізімін (қосымша) http://ayu.edu.kz сайтының хабарландыру парақшасынан және/немесе Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, 203 кабинеттен алуға болады.
Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:
Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, тізімделіп, парақшалар бауланып, нөмірленген түрде мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, 203 кабинетте қабылданады.
Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 03.10.2025ж. (16:00), 201 кабинет.
Лоттар
Лоттар 1
Тех ерекшеліктер