НАУРЫЗНАМА ТАРИХЫ
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Тарих кафедрасының 6В01625 – «Тарих» мамандығының 1-курс студенттеріне «Наурызнама тарихы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында студенттер белсенділік танытып, бірнеше баяндамалар дайындады. Шара барысында түркі халықтары арасында Наурыз мерекесінің тойлану ерекшеліктері кеңінен талқыланды.
Наурыз – қазақ дүниетанымында жыл басы болып саналады. Көшпелі өмір салтын ұстанған халық үшін көктем – жаңа тіршіліктің басталатын кезеңі. Бұл уақытта мал төлдеп, жер көгеріп, табиғат қайта жанданады. Осындай жаңару кезеңінде халық бір-бірімен қауышып, өкпе-назын ұмытып, жаңа жылды ақ тілекпен қарсы алған.
Халық арасында бұл мейрамның «Ұлыстың ұлы күні» деп аталуы да бекер емес. Себебі бұл күндері тек той-думан ғана емес, адамдар арасындағы татулық, қайырымдылық, бірлік пен жаңару идеялары басты орын алады.
Соңғы жылдары бұл мейрам жаңа мазмұнмен жаңғырып, Наурызнама онкүндігі ретінде кең көлемде аталып өтуде. 14 наурыздан басталып, 23 наурызға дейін жалғасатын бұл кезеңнің әр күні белгілі бір рухани құндылыққа арналады:
Осылайша, көне мейрамның мазмұны тереңдеп, халықтық дәстүр заманауи сипатта жаңғыруда.