❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«AI-JAN» ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

  • 14.01.2026 15:00
  • Мәдениет сарайы

image

Бүгін университетімізде Коммерцияландыру офисінің ұйымдастыруымен «AI-Jan» жобасының таныстырылымы өтті.

AI-Jan жобасы – университеттің Коммерцияландыру офисі жүзеге асырып отырған YASAWI STARTUP бағдарламасы аясында әзірленген. Бұл жүйе мектеп оқушылары мен студенттерге эмоционалдық күйзеліс кезінде көмек беріп, буллингтің алдын алуға көмектеседі.

Іс-шараға ректор Жанар Темірбекова мен Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы м.а. Ғалымжан Орынов және Түркістан облысы Психологиялық қолдау орталығының директоры Оразкүл Қолдасова, сондай-ақ, Түркістан мен Кентау қалалары мен Сауран ауданының мектеп директорлары, білім беру ұйымдарының өкілдері және сала мамандары қатысты.

Басқосудың негізгі мақсаты – оқушыларға психологиялық қолдау көрсетуге және буллингтің алдын алуға бағытталған AI-Jan қауіпсіз онлайн-платформасын білім беру ұйымдарының өкілдеріне таныстыру. Білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылау.

Жиында сөз бастаған ректор Жанар Темірбекова: «Бүгінгі жиынның негізі – балаларымыз бен олардың болашағы. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары Цифрландыру және жасанды интеллект мәселесіне баса назар аударуда. Себебі, Жасанды интеллект – қоғамдағы аса маңызды мәселелерді шешу үшін маңызды құрал болмақ. Осы тұста, бұл жүйелерді қалай жасаймыз, жасанды интеллектті қалай қолданамыз деген сұрақтар туындауы мүмкін. Біз – өңірдегі ірі жоғары оқу орны ретінде осы жауапкершілікті өз мойынымызға алдық. AI-Jan жобасы соның айғағы.

Өздеріңіз білетіндей қоғамда балалар арасындағы буллинг пен суицид тоқтаған жоқ. Сондықтан осы мәселелерге баса назар аудару қажет. Осы себепті буллингтің алдын алуға арналған жобамыз үшін білім беру мекемелері мен прокуратура өкілдері келіп отыр»,-деді.

Толық ақпаратты төмендегі сілтемеден оқи аласыз:
https://ayu.edu.kz/kz/haberler/1149