❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«IV Yasawi Winter School» жобасы аясында ғылыми-әдістемелік іс-шара өткізілді.

  • 22.01.2026 14:00
  • Кітапхана

image

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жыл сайынғы қалыптасқан дәстүрге сай оқытушы-профессорлар құрамы мен ғалымдардың кәсіби дамуын қолдауға бағытталған айтулы жобалардың бірі — «IV Yasawi Winter School» жобасы аясында ғылыми-әдістемелік іс-шара өткізілді.

Аталған жоба шеңберінде профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер мен зерттеуші ғалымдарға арналған «Ғылыми нәтижелерге зияткерлік меншік құқықтарын рәсімдеу тәсілдері» тақырыбында мазмұнды ғылыми-әдістемелік кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторы Нұрсұлтан Мейрамбекұлы арнайы шақырылған спикер ретінде қатысып, зияткерлік меншік саласындағы өзекті құқықтық мәселелер бойынша кәсіби талдау ұсынды.

Кездесу барысында ғылыми-зерттеу қызметі нәтижелерін зияткерлік меншік объектілері ретінде қорғау, авторлық құқық пен патенттеу рәсімдерінің негізгі қағидаттары, ғылыми әзірлемелер мен инновациялық жобаларды коммерцияландырудың құқықтық тетіктері жүйелі түрде қарастырылды. Сонымен қатар, ғылыми қызмет барысында зияткерлік меншік құқықтарын рәсімдеу кезінде жиі кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары нақты тәжірибелік мысалдар арқылы талқыланды.

«IV Yasawi Winter School» жобасы аясында өткізілген бұл ғылыми-әдістемелік іс-шара университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға, профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, сондай-ақ ғылыми қызметтің құқықтық мәдениетін нығайтуға бағытталды. Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан сұрақ-жауап алмасу жүргізіліп, өзара тәжірибе бөлісу жүзеге асты.