❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Коммерцияландыру офисінің ұйымдастыруымен халықаралық патенттік өтінімдерге шешім қабылдау жөніндегі ғылыми-техникалық комиссияның №2 отырысы өтті.

  • 24.02.2026 14:00
  • Ректорат

image

Халықаралық патенттеу бағыты бойынша маңызды қадам

Коммерцияландыру офисінің ұйымдастыруымен халықаралық патенттік өтінімдерге шешім қабылдау жөніндегі ғылыми-техникалық комиссияның №2 отырысы өтті.

Отырыста Университет атынан берілген халықаралық патенттік өтінімнің ұлттық кезеңге өту мәселесі қарастырылды.

Күн тәртібінде:
▫️ өтінімді ұлттық фазада тіркеу мүмкіндіктерін талқылау;
▫️ ҚР тіркелген патенттік сенім білдірілген өкілдердің ұсыныстарын зерделеу;
▫️ патенттеуді іске асыру үшін тиісті ел(дер)ді айқындау мәселелері қамтылды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия тиісті шешімдер қабылдады.

Бұл қадам университеттің ғылыми нәтижелерін халықаралық деңгейде қорғау және коммерцияландыру стратегиясын жүйелі түрде іске асыруға бағытталған.