❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ: УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ АНКАРА ҚАЛАСЫНДА БІЛІМІН ШЫҢДАЙДЫ

  • 19.02.2026
  • KZ
  • 47

image

Оқу ордамыздың «Журналистика» кафедрасының 11 студенті Түркия Республикасында өндірістік тәжірибеден өтеді. Көп ішінен үздік атанған студенттерді ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Нажи Генч арнайы қабылдады.

Айта кетейік, Журналистика мамандығының 4-курс студенттері 1 ай бойы Анкара қаласында орналасқан «ТРТ» Медиа Холдингінде практикалық тұрғыда білімдерін шыңдайды. 

Басқосуда студенттерге ақ тілегін білдірген ректор Жанар Темірбекова: «Биыл Журналистика кафедрасының студенттері Түркия Республикасында өндірістік тәжірибеден өтіп келе жатқанына 3 жыл толып отыр. Бұрындары да осындай өндірістік тәжірибелер болған. Игі дәстүр тек Журналистика кафедрасында емес, барлық факультетте бар еді. Енді ол үрдісті қайта жандандырып жатырмыз. Сіздер – сол бастаманың алғашқы қарлығашысыздар. 

Түркияда өндірістік тәжірибе кезінде сіздерге қарап, біздің барша түлекке баға береді. Сондықтан өздеріңізге үлкен жауапкершілік артылмақ. Түркияның ең ауқымды телеарнасына барасыздар. 1 ай бойы көпті үйреніп, керемет уақыт өткізіңіздер. Өндірістік тәжірибе уақытында жан-жақты зерттеу жүргізіп, өмірлік тәжірибе болатындай мол ақпаратпен оралуларыңызға тілектеспін! »,-деді.

Келесі кезекте, ректор өкілі м.а Нажи Генч: «Құрметті студенттер, жолдарыңыз ашық болсын! Баршаңызға сәттілік тілеймін. Сіздер Түркияға тек Қазақстанның емес, түркі әлемінің мүшесі ретінде барасыздар. Онда сіздерге көмек беріп, жол сілтер жанашыр жандар бар. Қазақстанды Түркияға жақсы жағынан танытып, оң әсер қалдырасыздар деп сенемін!»,-деді.

Кездесу соңында студенттер университет басшылығына сенім мен қолдау білдіргендері үшін шынайы алғыстарын білдірді. Олар Түркия Республикасындағы өндірістік тәжірибеден  абыроймен өтіп, оқу орданың мерейін үстем етіп оралуға уәде берді.

Айта кетейік, Түркияның «ТРТ» Медиа холдингінде өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер арнайы іріктеу кезеңдері арқылы өз білімдерін дәлелдеді. Олар оқу үлгерімі мен түрік тілін меңгеру деңгейіне сәйкес үміткерлер арасынан іріктелді. Соңғы кезең – сұхбаттасудан сәтті өтіп, айтулы мүмкіндікке ие болды.